Банк туралы ақпарат
Жусан - Ұлы даладағы шаңырақ пен Отанның нышаны. Біз - өзінің елі мен барша халқының гүлденуі үшін жұмыс істейтін қазақстандық банкпіз.

Біз Jýsan Bank өнімін пайдалана отырып, күнделікті қажеттілігіңізді қанағаттандыруда сенімділік пен еркіндікті сезінгеніңізді қалаймыз. Мұндайда өзіңізді әрқашан үйдегідей сезініңіз.
Біздің құндылықтарымыз ТАД
Технологиялық
барлық өнімдер мен үдерістерде
Ашықтық
инновацияға, жұмысқа деген идеяларға, бизнесті жүргізудегі ашықтық
Дербестендіру
және жаппай қамту, біз үшін әрбір клиент бірегей және жеке-дара қабылданған шешімге ие болады
34 млрд ₸
2019 жылғы пайда
340 млрд ₸
2019 жылғы 31 желтоқсандағы капитал
1,327 трлн ₸
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер
656 млрд ₸
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозиттер және ағымдағы шоттар
Даму тарихы
2020 жыл
  • — Жеке экожүйесін құруға негізделген банкті дамытудың бес жылдық стратегиясы қабылданды
  • — Apple Pay және Samsung Pay іске қосылды
2019 жыл
  • — First Heartland Securities Банктің жай акцияларының 99,5% сатып алады
  • — Цеснабанк өзінің атауын First Heartland Jýsan Bank деп Jýsan Bank бөлшек сауда маркасымен өзгертті (бекітілген латын әліпбиінде «Жусан Банк»)
  • — Банктің бас кеңсесі Алматыға көшті
  • — Jýsan Bank пен First Heartland Bank бірігуі аяқталды
  • — IT-платформаның белсенді дамуы, жаңа карталар мен мобильді қосымшалардың шығарылуы
2018 жыл
  • — Агроөнеркәсіптік кешенді жетілдіру тетігі бекітіліп, Қордың банктің кредиттік портфелінің проблемалық кредиттерін 450 млрд теңгеге өтеуі туралы келісім жасалды.
2017 жыл
  • — Алматыда тәулік бойы автоматтандырылған депозитарийі бар Қазақстандағы ең ірі VIP орталық ашылды
  • — Банк өзінің 25 жылдығын атап өтті
2016 жыл
  • — Геннадий Головкин банктің ресми бренд-амбассадоры болды
  • — Банк Минск Беларусбанкіне синдикатталған қарызға қатысатын жетекші менеджер және банктің рөлін атқарды
2015 жыл
  • — Банк Росэксимбанкпен қазақстандық импорттаушы компаниялар мен ресейлік экспорттаушылар қатысатын операцияларды жүзеге асыру үшін бас қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
  • — Банк MasterCard халықаралық төлем карточкаларын шығаруды және оларға қызмет көрсетуді бастады
2014 жыл
  • — Банк активтерінің мөлшері 1 трлн теңгеден асты
2011 жыл
  • — Банк Цесна Капитал брокерлік компаниясын сатып алды
  • — Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің негізгі қатысушысы мәртебесін алды
  • — Банк активтерінің мөлшері бойынша Қазақстандағы алғашқы он банктің қатарына кірді
2010 жыл
  • — Банк SAP ERP енгізуді аяқтады
  • — Банк Цесна Гарант сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы болды
2009 жыл
  • — Банк өзінің процессингтік орталығын ашты
2008 жыл
  • — Банк экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
  • — Банк белсенді қайырымдылық көмегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2008 жылдың меценаты» сыйлығымен марапатталды
2007 жыл
  • — Банк еурооблигациялар шығарылымын 125 млн АҚШ доллары сомасында жүзеге асырды
  • — Банк «Юнистрим» халықаралық ақша аударым жүйесімен серіктестік туралы келісімге қол қойды
  • — Кредиттік картаны шығару басталды
  • — Банк 54 млн АҚШ доллары сомасында синдикатталған қарыз тартты, мәміленің ұйымдастырушылары мен ұстаушылары Commerzbank AG және Standard Bank Plc болды
2006 жыл
  • — Банк 15 млрд теңгеге алғашқы облигациялық бағдарламаны тіркеді
  • — Банк Raiffeisen Zentralbank Österreich AG және Bankgesellschaft Berlin AG-мен 22 миллион АҚШ долларына синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды
  • — Fitch Ratings халықаралық агенттігі Банкке кредиттік рейтинг берді
  • — Банк Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG банктерінен 50 миллион АҚШ доллары көлеміндегі синдикатталған қарыз алды
2005 жыл
  • — Standard & Poor's халықаралық агенттігі банкке кредиттік рейтинг берді
  • — Visa төлем карталары іске қосылды
2004 жыл
  • — Банк Visa халықаралық төлем жүйесінің ассоциацияланған мүшесі ретінде қабылданды
2003 жыл
  • — Банк акциялары КASE «А» санатындағы Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген
  • — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін жүзеге асыруда үздік деп танылды
2001 жыл
  • — Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банктік ақпараттық технологияларды автоматтандыру бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкестігіне қорытынды алды
2000 жыл
  • — Банк жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының (KFGD) мүшесі болды
1998 жыл
  • — Азиялық Даму Банкінің (АДБ) агроөнеркәсіптік кешеніне және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкіне (ЕҚДБ) шағын және орта бизнес үшін кредиттік желілер ашылды
  • — Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы бойынша Дүниежүзілік банкпен кредиттік келісімге қол қойылды
  • — Нидерландтық Rabobank банкімен твиннинг, институционалдық даму бағдарламасы іске қосылды
1996 жыл
  • — Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға Орта Азия-Американдық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) келісім жасалды
1992 жыл
  • — Цеснабанктің негізі қаланды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады