Төлем карталары бойынша барлық қызметтер - POS-терминалдар арқылы төлемдер, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, ақша аударымдары және басқа қызметтер толық көлемде ұсынылады.
Кейінге қалдыру – бұл кредитті кешіру емес, белгілі бір мерзімге, бұл жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін төлемдерден үзіліс алу мүмкіндігі екенін түсіну маңызды.
Клиенттерді қолдау бағдарламасының шарттары бойынша:
- Кредит бойынша негізгі борыш және пайыздар толық көлемде, алайда өсімақы мен айыппұлдарды есепке алусыз төленеді
- Одан кейінгі төлемдер кредит мерзімін кейінге қалдыру мерзіміне тең ұлғайтумен немесе мерзімін сақтаумен, алайда қайта есептеумен және ай сайынғы төлемді ұлғайтумен жүзеге асырылады
- Жаңа кесте бойынша төлемдерді жаңарту кезінде қарыз алушының кредиттік тарихына залал келтірілмейді
- Кейінге қалдыру үшін комиссия алынбайды
- Жеке тұлғалар
- Заңды тұлғалар
- Негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемді кешіктіру 90 күнтізбелік күннен көп мерзімді құрайтын қарыздар бойынша төтенше жағдай кезеңінде сыйақы есептелмейді
- 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңге кредиттер бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдер мерзімін кешіктіру бойынша айыппұлдар мен өсімақы есепке алу алынып тасталады
Негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін автоматты түрде (қарыз алушының келісімімен) тоқтата тұру:
- Өтінішті және растайтын құжаттарды талап етпестен
- Банктік қарыз шарттарының қосымша келісімдеріне қол қою талап етілмейді
- Банк қарыз алушылардың осы категориясымен өзі байланысады
-
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- оралмандар;
- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар.
- Ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін
- Кредит мерзімін 3 айға дейін ұлғайтумен
-
Соңғы үш төлемді қайта есептеуді қоспағанда, ай сайынғы төлем көбеймейді:
- Кейінге қалдыру уақытындағы пайыздар сомасы соңғы үш төлемге қайта бөлінетін болады
- Ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде кейінге қалдырылған пайыздар мерзімінен бұрын өтеу сомасына қосылатын болады
Өтініш мәтінінде міндетті түрде ЖСН, қызмет көрсету қаласын және қаржылық жағдайының нашарлау себебін көрсету керек
- Өтініш жіберуге арналған е-mai: info@jysanbank.kz
- Jýsan мобильді қосымшасы арқылы
Қашықтықтан байланысу арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінішті банк бөлімшелерінің арнайы жәшіктерінде қалдыруға болады
- Жеке тәртіпте, қарыз алушының өтінішінің негізінде банк кейіннен төлемдерді қайта есептеумен негізгі борыш және сыйақы бойынш төлемдерді 90 күнге дейін кейінге қалдыру ұсына алады
- Егер төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде мерзімін кешіктіру қалыптасса, қарыз алушының өтінішінің негізінде негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдер мерзімін кешіктіру бойынша айыппұлдар мен өсімақыны есептеу уақытша тоқтатылатын болады
- ОСО жалға алушыларын қоса алғанда сауда-саттық, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларда және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда, халықтық тұтыну тауарларының дүкендері;
- Спорт, туризм және қонақүй бизнесі, туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда;
- Азық-түлік пен дәрі-дәрмектер тасымалын қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдары;
- Қоғамдық тамақтану, мейрамханалар мен кафелерді қоса алғанда;
- Тұрмыстық қызметтер, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру, оның ішінде кинотеатрлар, фото және видео түсірілім, көрмелер мен конференциялар, мерекелерді ұйымдастыру, сән салондары және фитнес орталықтар.
Өтініш мәтінінде міндетті түрде ЖСН, қызмет көрсету қаласын және қаржылық жағдайының нашарлау себебін көрсету керек
- Өтініш жіберуге арналған е-mai: business@jysanbank.kz
- Jýsan мобильді қосымшасы арқылы
Қашықтықтан байланысу арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінішті банк бөлімшелерінің арнайы жәшіктерінде қалдыруға болады
- Jýsan Bank-тің кез келген картасына (кредиттік картадан басқа)
- Ағымдағы шотқа
- Онлайн шот ашу және Jýsan Pay картасын ашу
- Жәрдемақылар алуға арналған арнайы картаға
- Jýsan мобильді қосымшасы арқылы
-
IBAN шот нөмірімен SMS алу және оны жәрдемақы алу үшін пайдалану
- Jýsan Pay картасын үйге жеткізіліммен алу (Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Ақтөбе, Теміртау және Шымкент қалалары үшін)
- Jýsan Pay картасын бөлімшеде шығару (басқа қалалар үшін)
- Jýsan мобильді қосымшада үйге жеткізу қызметімен тапсырыс беру (Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Ақтөбе, Теміртау және Шымкент)
- Жеке басын куәландыратын құжатпен Jýsan Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгіну
- Бөлімшеге тек маскамен кіру
- Басқа адамдармен кемінде бір метр арақашықтық сақтау
- Кезек қалыптастырмау, бөлімшеге бір-бірден кіру
- Қол алыспай, ауызша амандасу
- Орынжайларды күн сайын дезинфекциялауды өткіземіз
- Антисептикалық құралы бар сыйымдылықтар орнаттық
- Қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз еттік
- Сырқат белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермейміз
- Кезек ұйымдастыру үшін әр бөлімшеге кіре берісте белгішелер дайындадық