600 млрд теңге бағдарламасы
  • Қарыз сомасына шектеусіз
  • жылдық 15 % бастап (субсидия есебімен)
  • Мүлік кепілімен
600 млрд теңге бағдарламасы
Өнімнің толық ақпараты
Қаржыландыру түріДербес банктік қарыз;
Жаңартылатын кредиттік желі;
Жаңартылмайтын кредиттік желі.
ПрофиліЖеке кәсіпкерлік субъектісінің мақсатты тобы индустриялық-инновациялық қызметтің (2018 жылғы 25 тамыздағы №522 Қазақстан Республикасы Үкіметі хаттамасымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген) және экономиканың басым салаларындағы жобаларды жүзеге асыратын (Басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесіне сәйкес) кәсіпкерлер/субъектілер болып табылады.
Келесі бағыттар бойынша басым жобаларды қаржыландыру:
1) агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
2) агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;
3) өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер.
Кредиттік желі/қарыз сомасы Шектеусіз
Валютасы Теңге
Мақсатты тағайындалуы 1. Инвестициялар
2. Айналым қаражатын толықтыру

Бұндай кезде айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына Банк бір Қарыз алушы есебімен берілетін кредит қаражатынан 30% бағыттауға құқылы.

Осы шектеу агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс бойынша жобаларды қаржыландыруға таратылмайды. 

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыруға, қатысу үлестерін сатып алуға және байланысты тараптар арасындағы мәмілелерге қаражат бағыттауға жол берілмейді.
Кредиттік желінің қолжетімділік мерзімі12 (он екі) айдан артық емес, қолжетімділік кезеңін 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.
Егер кредиттік желі 12 (он екі) айға ашылса, қолжетімділік мерзімі 11 (он бір) айдан аспайды.
Кредиттік желі мерзімі1. Инвестициялар - 84 (сексен төрт) айға дейін қоса алғанда
2. Айналым қаражатын толықтыру - 60 (алпыс) айдан артық емес
Қарыз/транш мерзімі1. Инвестициялар - 84 (сексен төрт) айға дейін қоса алғанда
2. Айналым қаражатын толықтыру – 36 (отыз алты) айдан артық емес
Сыйақы мөлшерлемесіЖылдық 15%-дан аспайтын мөлшерде (ЖТСМ жылдық 16%-дан бастап)
СубсидиялауСубсидиялау «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен (БЖК 2020 МБ) және Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі (АШМ) 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Субсидиялау жылдық 15%-дан аспайтын атаулы сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер бойынша жүзеге асырылады:

- Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өңдейтін өнеркәсіп және қызметтер - 8 % ЖКС-пен төленеді, айырмасы мемлекетпен субсидияланады;

- Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс:

1) Инвестициялық жобалар бойынша жылдық 10% мемлекетпен субсидияланады, айырмасы ЖКС-пен төленеді.

2) Ақшалай қаражат толықтыруға кредиттер бойынша жылдық 5 % мемлекетпен субсидияланады, айырмасы ЖКС-пен төленеді. 

Инвестицияларға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 жылды құрайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Кепілзаттық қамтамасыз етуЖылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік
Комиссиялар және айыппұлдар 

Кредитпен байланысты комиссиялар, алымдар және/немесе басқа төлемдер алынбайды, келесі жағдайларды қоспағанда: 
1) Қарыз алушы бастамасымен кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) Қарыз алушымен бұзылу салдарынан алынатын – кредиттік келісімдер бойынша міндеттемелері ЖКС;

3) кепілдік затын тәуелсіз бағалауды өткізумен, кепілзат шартын тіркеумен және ауыртпалықты алумен байланысты; 
4) кассалық есеп айырысу қызметі бойынша төлемдер; 
Бекітілген тарифтерге және/немесе БУО-ның шешіміне сәйкес. 
 

 

Жобаға қосымша талаптар және шектеулер

Қаржыландыруға келесі ЖКС жобалары жатпайды:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес емдік дәрі-дәрмек ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы құрамында спирт бар (бальзамдардан басқа) өнімдерді шығаруды қарастыратын жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығаруды қарастыратын;

2) кредиттік бюро деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру сәтіне 90 күнтізбелік күннен астам мерзімге мерзімі кешіктірілген несие берешегі бар;

3) Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар болған жағдайда;

4) 2010 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы миннистрлігінің бұйрығында және (немесе) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 Қаулысында көрсетілген оффшорлық аймақта тіркелгендер, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері оффшорлық аймақта тіркелгендер;

5) құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акциялардың 50 немесе одан артық пайызы (жарғы капиталына қатысу үлесі) тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпорындық корпорацияларды, соның ішінде мемлекеттік-дербес серіктестік туралы шарт шеңберінде мекемелік ЖКС қоспағанда), олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік формасы жеке меншік мекеме ретінде ресімделген ЖКС, және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындар. 
 

Қарыз алушыға қойылатын талаптар:

салық есептемесі деректерінің негізінде жұмыс орындарының жылдық орташа санының сақталуы/артуы немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылы өткеннен кейін 10%-ға табыс өсіміне жетуі.

Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 30.04.2020ж. № 58-20 хаттамасына сәйкес
Қауіпсіздік және қорғау
Клиенттердің ақпараты мен қаражатының сақталуы- біздің ең басты артықшылығымыз. Біз жүйелерімізді, процестеріміз бен бағдарламалық жасақтамамызды ақпараттық-техникалық қолдауға ерекше көңіл бөлеміз
Құжаттар мен ережелер
Өнім бойынша консультация алу
Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады