Валютасы | Теңге/ АҚШ доллары/ Евро/Ресей рублі |
Сыйақы мөлшерлемелері | «Депозит-Кепілдік» салымын ашу кезінде сыйақы мөлшерлемесі 0% мөлшерде немесе жеке тұлғалар үшін қолданыстағы депозиттік желідегі мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесіне сәйкес мөлшерде белгіленуі мүмкін, бұл ретте, егер қаржыландыру шарты бойынша мерзім қолданыстағы депозиттік желідегі мерзімді салым бойынша стандартты мерзімдерден асып кеткен жағдайда, онда мерзімді салымның ең жоғары мерзімінің сыйақы мөлшерлемесі қолданылады. Сыйақының жеке мөлшерлемесі Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді. |
Салымды орналастыру мерзімі | 1. "Депозит-Кепілдік" салымының мерзімі қаржыландыру шартының талаптарына байланысты немесе Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді («Депозит-Кепілдік» салымы мерзімінің аяқталу күні қаржыландыру шарты бойынша өтеу күні + 1 ай болуы тиіс) |
Мерзімін ұзарту | Қарастырылмаған (бұл ретте салым мерзімі Банктің уәкілетті органының шешімі негізінде ұлғайтыла алады) |
Сыйақы төлеу | 1) салым аяқталған/мерзімінен бұрын бұзылған сәтте, қаржыландыру шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындағаннан кейін Клиенттің ағымдағы шотына, егер мұндай ұстап қалу ҚР салық заңнамасында қарастырылған болса, табыс салығын ұстап қалумен; 2) Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша-егер ҚР салық заңнамасында қарастырылған болса, табыс салығын ұстаумен, Клиенттің ағымдағы шотына ай сайынғы төлем. |
Қосымша жарналар қабылдау | Келесі жағдайда қарастырылған: 1) салымның бастапқы сомасын азайтуа; 2) өзге қосымша жарналар Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша ғана. |
Ішінара алу | Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша ғана көзделген** |
Мерзімінен бұрын бұзу | Қарастырылған: 1) салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны сақтай отырып, Клиент Қаржыландыру шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін толық мерзімінен бұрын орындаған жағдайда; 2) салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны сақтай отырып, Қаржыландыру шарты бойынша қамтамасыз етуді ауыстыру/шығару кезінде Банктің келісімімен. |
Салымды қайтару | Клиенттің таңдауы бойынша, Клиент Қаржыландыру шарты бойынша банк алдындағы міндеттемелерін толық орындаған жағдайда: 1) Клиенттің ағымдағы шотына; 2) Клиенттің Жинақ шотына (мерзімді салымның мерзімі "Депозит-кепілдік" салымының мерзіміне тең немесе одан артық болған жағдайда) |
Айырбастау | Қарастырылмаған |
«Депозит-Кепілдік» шартты банктік салымына ақша аудару | Егер ақша салымшының құқықтары Банкке қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген жинақ шотында орналастырылуға тиіс Клиенттің ағымдағы шотында болған жағдайда, онда "Депозит-кепілдік" салымына ақша аудару ақша орналастырылған Клиенттің ағымдағы шотынан жүзеге асырылады, ал егер ақша мерзімді салымда орналастырылса, онда "Депозит-кепілдік" салымына ақша аудару мерзімді салым бойынша көзделген төмендетілмейтін қалдыққа дейінгі мерзімді салымнан жүзеге асырылады. |
Депозит-кепілдік сомаларын оның бастапқы мөлшеріне дейін уақтылы толықтырмағаны үшін айыппұл санкциялары (тұрақсыздық төлемі, өсімақы) | Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша |
*Қаржыландыру шарты-Бас кредиттік келісім, банктік қарыз/шартты міндеттемелер шарты және Банк пен Борышкер арасында жасалатын басқа да мәмілелер
** қаржыландыру шартында көзделген жағдайларда Банктің қарыз бойынша берешекті өтеу есебіне ақшаны ішінара / толық есептен шығаруы Банктің УО шешімінсіз жүргізіледі.
** қаржыландыру шартында көзделген жағдайларда Банктің қарыз бойынша берешекті өтеу есебіне ақшаны ішінара / толық есептен шығаруы Банктің УО шешімінсіз жүргізіледі.