Шарттың қолданылу мерзімі (депозиттік желі) | 12 ай |
Валютасы | KZT, USD |
Бір күндегі ең аз сома | 20 000 000 теңгеден бастап / 50 000 АҚШ долларынан бастап |
Бір күндегі ең жоғары сома | 20 000 000 000 теңгеден көп емес / 50 000 000 АҚШ долларынан көп емес |
Ішінара алулар | қарастырылмаған, ҚР заңнамасына сәйкес алуға құқығы бар үшінші тұлғалардың талаптарын орындауды қоспағанда |
Сыйақы мөлшерлемесі | Сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндері шеңберінде күн сайын белгіленеді. Қолданыстағы мөлшерлеме туралы хабарлама жаңалықтар лентасында "Интернет-банкинг" жүйесінде (бұдан әрі - ИБЖ) орналастырылады. Ақшаны жинақ шотына аудара отырып, Клиент ағымдағы күнге белгіленген сыйақы мөлшерлемесімен келіседі. |
Сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндері | Банк күн сайын баға белгілейді |
Ерекше шарттар
Шарт жасасу және салымды орналастыру шарттары | 1) Салым шартын жасасу ИБЖ арқылы, Салым шартына қосылу туралы өтінішті жіберу жолымен, Салым шартына қосылған күні орналастырылуы тиіс және салымды орналастырудың ең аз сомасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келетін салымды бастапқы орналастыру сомасын көрсете отырып жүзеге асырылады. 2) Ақшаны күнделікті алғашқы орналастыру салымды орналастырудың ең аз сомасы бойынша белгіленген шарттарға сәйкес келуі тиіс, клиент сол күні жүргізетін ақшаны одан әрі орналастыру ең аз сома бойынша шектелмейді. 3) Депозиттік желінің қолданылу мерзімі шеңберінде ақшаны орналастыруды клиент жинақ шотына ақша аударуға ИБЖ-ға төлем тапсырмасын ресімдеу жолымен дербес жүзеге асырады: - теңгедегі салым үшін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 16.00-ге дейін; - АҚШ долларындағы салым үшін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 14.30-ға дейін. 4) Клиент күніне жасаған барлық орналастырулардың жалпы сомасы күніне белгіленген ең жоғары сомадан аспауы тиіс. |
Сыйақылар және Салымды есептеу/төлеу | 1) Сыйақыны есептеу 1 (бір) күнтізбелік күн үшін жүргізіледі. Салымды демалыс/мереке күндерінің алдындағы күні орналастырған кезде сыйақы есептеу шарттың қолданылу мерзімі ескеріле отырып, салымды шотта сақтаудың нақты күнтізбелік күндерінің саны үшін салым орналастырылған күні қолданылған мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. 2) Есептелген сыйақыны төлеу, егер мұндай ұстап қалу ҚР салық заңнамасында көзделген болса, салым сомасын төлеумен, төлем көзінен табыс салығын ұстап қалумен бір мезгілде салым орналастырылған күннен кейінгі жұмыс күні күн сайын жүргізіледі. |
Мерзімін ұзарту | қарастырылмаған |
Решение Правления от 22.10.2020 г. Протокол №144-20, Совета директоров от 17.11.2020 г. Протокол № 17/11/20-01