Жиі қойылатын сұрақтар
AQYL
"AQYL" депозитін қалай ашуға болады?

"AQYL" білім беру жинақтау салымы - бұл салымшының Банктегі шотындағы ақша, оның ішінде салымшының жарналары, Банктің капиталдандырылған сыйақысы және мемлекет сыйлықақысы.

Бұл депозит ҚР-да немесе шетелдік білім беру ұйымында оқу (орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім үшін төлем жүргізуді жоспарлап отырған салымшының атына ашылады.) "AQYL" депозитін Банк бөлімшесінде ғана ашуға болады, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат немесе баланың туу туралы куәлігі (егер салым кәмелетке толмаған баланың атына ашылса) болуы қажет.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мен Қазақстан Республикасының бейрезидентімін. Мен "AQYL" депозитін аша аламын ба?
"AQYL" депозитін тек ҚР азаматтары ғана аша алады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Бір клиентке қанша "AQYL" депозитін ашуға болады?
Бір клиентке бір "AQYL"депозитін ашуға болады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозиті қандай пайыздық мөлшерлемеде және қандай валютада ашылады?
"AQYL" депозитін тек ұлттық валюта - теңгемен ашуға болады. Пайыздық мөлшерлеме 8,3% дейін.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL"депозитін ашу үшін ең аз салым сомасы?

"AQYL" депозитін ашу үшін ең аз сома депозит ашылған сәтте 3 АЕК-ті құрайды.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитін толықтыруға шектеу бар ма?

"AQYL" депозитін толықтыруға шектеу жоқ.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитін қандай мерзімге ашуға болады?

«AQYL" депозитін одан әрі ұзартумен 3 жылға ашуға болады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Егер менің "AQYL" депозитіме тыйым салынса, депозитке пайыздар есептеледі ме?
"AQYL" депозитіндегі ақшаға мүлікке билік етуге уақытша шектеулер, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитіне кепілдік беріле ме?

AQYL" депозиті жеке тұлғалардың 10 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы депозиттеріне кепілдік беру объектісі болып табылады

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL"депозитін ұзарту үшін не қажет?
"AQYL" депозиті ұзарту күніне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы есептей отырып, сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитінен ішінара алу мүмкіндігі бар ма?
Оқу орнының шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражатты мақсатты алу жағдайларын қоспағанда, "AQYL" депозитінен ішінара алу көзделмеген.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитін мерзімінен бұрын қалай жабуға болады және бұзу шарттары қандай?

"AQYL " депозитін жабу үшін салымшы банк бөлімшесіне келу керек.

1. Мемлекет сыйлықақысы сақталмай:

  • салымшының/заңды өкілдің бастамасы бойынша;
  • салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен соң;
  • жинақтау мерзімі заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталса;
  • салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
  • мемлекеттің артық есептелген сыйлықақысы фактісін анықтау.

2. Мемлекет сыйлықақысын сақтай отырып:

  • барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлегеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда;
  • білім беру гранты берілген жағдайда;
  • салымшы қайтыс болған, сот оны хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозиті бойынша мемлекеттен сыйлықақы қандай мөлшерде есептеледі?

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын жылдық 5% және 7% мөлшерінде, жинақтаудың ең аз мерзімі 1 жыл болған кезде 01 қаңтарға нақты жинақталған қалдыққа есептеледі, бірақ 100 АЕК-тен аспайды. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу бойынша ең ұзақ мерзім-20 жыл

Жылдық 7% мөлшерінде басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған депозиттерге есептеледі:

1) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелеттік жасқа толған, бірақ 23 жасқа толғанға дейін;

2) мүгедектер;

3) төрт және одан көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

4) аз қамтылған отбасылардың балалары.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қандай жағдайларда мемлекеттен "AQYL" депозиті бойынша сыйлықақылар тоқтатылады?
"AQYL" депозиті бойынша мемлекеттен берілетін сыйлықақылар тоқтатылады:
1) 20 жыл өткеннен кейін; < br /> 2) салым шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін;
3) салымшы қайтыс болған күннен бастап; сот салымшыны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы; хабар-ошарсыз кетті деп жариялау не қайтыс болды деп жариялау туралы.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" білім беру үлесін кім және қалай басқара алады?
"AQYL" депозитіндегі қаражатты жұмсай алады: 1)Салымшы, не оның заңды өкілі білім беру салымының ақшасын толығымен бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке жылына 1 реттен артық емес аударуға құқылы.
2) Салымшы білім беру грантын алған жағдайда оның: < br /> - білім беру салымында қаражат жинақтауды жалғастыру; < br /> - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру салымына қаражат аудару; < br /> -қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен білім беру салымының қаражатын алу.
- білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберу құқығы бар.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Бүкіл оқу кезеңінде білім беру қызметтерін төлегеннен кейін "AQYL"салымындағы қаражаттың қалдығын қалай басқаруға болады?
"AQYL" депозитінен оқудың барлық кезеңі үшін ақы төлегеннен кейін салымшы не оның заңды өкілі осы соманы есептелген мемлекет сыйлықақысымен алуға құқылы.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
"AQYL" депозитінен білім беру қызметтері үшін қандай құжаттар қажет?

"AQYL" депозитінен білім беру қызметтері үшін төлем салымшының өтініші бойынша ЖОО-мен білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесін ұсынған кезде жүзеге асырылады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады