Жиі қойылатын сұрақтар
Шот ашу
Ағымдағы шотты қалай ашуға болады?
Сіз шотты банк бөлімшесінде өтініш жазу арқылы немесе jysanbank.kz сайтында барлық деректерді көрсетіп өтініш қалдырып аша аласыз,банк менеджерлері сізбен хабарласып кеңес береді.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Банктік шот қанша уақытта ашылады?
Кем дегенде бір сағат, ең көп дегенде бір кун аралығында ашылады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Банк филиалдарымен байланыссыз шотты онлайн ашуға бола ма?

Сіз банктік шотты онлайн түрде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезеңінде egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы аша аласыз (онлайн-шотты ашу тек ЖШС-ға арналған). Сіз сондай-ақ jysanbank.kz ресми сайтында барлық қажетті деректерді көрсете отырып, шот ашуға өтініш қалдыра аласыз, біздің менеджер кеңес беру және одан әрі әрекет жасау үшін сізбен жақын арада хабарласады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Банктік шотты сенімхат арқылы ашуға болады ма?
Ия, сіз банкте тиісті сенімхатпен шот ашуға болады. Заңды тұлғаға шот ашқан кезде ұйымнан сенімхат ұсынылады. Жеке кәсіпкер үшін шот ашқан кезде нотариалды куәландырылған сенімхат және Жеке кәсіпкерлік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Шот ашуға қажетті құжаттар?
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалар 
1.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті тұлғасы куәландырған немесе нотариалды куәландырған құжат (соңғысы клиенттің қалауы бойынша ұсынылады).
2.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа қол қою үлгілері қосылған тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың (жалғыз құрылтайшының шешімі, құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімдері, бұйрықтар және өзге құжаттар) көшірмелері 
3.Клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операцияларды жүргізу кезінде қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлға (тұлғалардың) жеке тұлғасын куәландырушы құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
Оқшауланған бөлімшелер (филиалдар мен өкілдіктер) 1-3 тармақтардағы құжаттарға қосымша келесілерді ұсынуы тиіс:
4.Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларының өкілеттіктерін растайтын құжаттар (қоғамдық немесе дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерi үшін).
5.Заңды тұлға филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхат көшірмесі (өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін).
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер 1-3 тармақтардағы құжаттарға қосымша келесілерді ұсынуы тиіс:
6.Бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты.
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Заңына сәйкес жоғарыда аталған құжаттарға қоса келесілерді ұсыну қажет:
7.Құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімінен үзінді көшірме.
8.Рұқсат/лицензия (Клиенттің қызметі лицензиялауға жататын болса немесе  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат беру процедурасы арқылы жүзеге асырылатын жағдайда).
9.Атқарушы орган, заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландырушы құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалар 
1.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті тұлғасы куәландырған немесе нотариалды куәландырған құжат.
2.Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
3.Сауда тізілімінің немесе бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараты бар, белгіленген тәртіпте мемлекеттік және орыс тіліне аудармамен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес апостильдірілген немесе заңдастырылған ұқсас сипаттағы басқа құжаттың   үзінді көшірмесінің түпнұсқасы немесе көшірмесі.
4.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа қол қою үлгілері қосылған тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың (жалғыз құрылтайшының шешімі, құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімдері, бұйрықтар және өзге құжаттар) көшірмелері.
5.Клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операцияларды жүргізу кезінде қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлға (тұлғалардың) жеке тұлғасын куәландырушы құжаттың (құжаттардың) көшірмесі. 
Оқшауланған бөлімшелер (филиалдар мен өкілдіктер) 1-5 тармақтардағы құжаттарға қосымша келесілерді ұсынуы тиіс: 
6.Есепке алуды тіркеу фактісін растайтын заңды тұлға филиалын (өкілдігін) есепке алуды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. 
7.Тиісті филиал немесе өкілдік туралы мемелекеттік және (немесе) орыс тіліндегі ереже немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі.
8.Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Заңына сәйкес жоғарыда аталған құжаттарға қоса келесілерді ұсыну қажет: 
9.Жеке дара атқарушы органды сайлау туралы құжаттар (жалғыз қатысушының шешімі немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жалпы жиналысының хаттамасы (хаттамадан үзінді көшірме).
10.Рұқсат/лицензия (Клиенттің қызметі лицензиялауға жататын болса немесе  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат беру процедурасы арқылы жүзеге асырылатын жағдайда).
11.Атқарушы орган, заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландырушы құжаттар, көші-қон карточкасының көшірмесі (ЗТ өкілі жеке тұлғаны куәландырушы құжат ретінде шетелдік төлқұжатты ұсынған жағдайда).
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар және шаруа (фермерлік) қожалықтары 
1.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті тұлғасы куәландырған немесе нотариалды куәландырған құжат (соңғысы клиенттің қалауы бойынша ұсынылады).
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Заңына сәйкес жоғарыда аталған құжаттарға қоса келесілерді ұсыну қажет:
7.Мемлекеттік тіркеуді өткізгенін растайтын уәкілетті орган берген құжат.
8.ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкерге лицензияланатын қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензия.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-жеке кәсіпкерлер 
1.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті тұлғасы куәландырған немесе нотариалды куәландырған құжат.
2.Жеке тұлғаны куәландырушы құжат.
Таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтау зейнетақы қорлары (бұдан әрі – қаржы ұйымы)
1.Таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті өкілі куәландырған немесе нотариалды куәландырылған құжат (соңғысы клиентің қалауы бойынша ұсынылады).
2.Бизнес-сәйкестендірме нөмірі бар құжаттың көшірмесі.
3.Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы акционерлердің жалпы жиналысының немесе сот шешімінің көшірмесі.
4.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі.
5.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін тағайындау туралы шешімінің көшірмесі.
6.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізу немесе сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясынан айыру туралы шешімнің көшірмесі.
Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер 
1.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар, Банктің уәкілетті тұлғасы куәландырған немесе нотариалды куәландырған құжат. 
2.Дипломатиялық және консулдық өкілдікті тіркеуді растау туралы нота көшірмесі.
3.Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
4.Қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа қол қою үлгілері қосылған тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың (бұйрықтар және өзге құжаттар) көшірмелері.
5.Клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операцияларды жүргізу кезінде қол қою үлгісі және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлға (тұлғалардың) жеке тұлғасын куәландырушы құжаттың (құжаттардың) көшірмесі. 
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қалааралық қызмет көрсету дегеніміз не?
Қалааралық қызмет көрсету - бұл клиенттің ағымдағы шотты бастапқы ашқан жеріне және ағымдағы қызмет көрсетілуіне қарамастан Банктің кез келген филиалындағы ағымдағы шот бойынша ұлттық валютада операциялар жүргізу құқығын беретін Банк қызметі.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қалааралық қызмет көрсету арқылы қандай операциялар жүргізуге болады ?
ЭСҚ кілтін беру және қайта рәсімдеуді, валюталық аударымдарды және айырбастау операцияларын қоспағанда, барлық операциялар қол жетімді.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мен басқа қалада қолма-қол ақша ала аламын ба?
Ия, қалааралық қызмет көрсетуді қосу арқылы алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Басқа қалада Интернет-банкинг жүйесінің электрондық кілтін қайта рәсімдеуге бола ма?
Жоқ, Интернет-банкинг жүйесіне электрондық кілтті қайта ресімдеу, бұрын шот ашылған қалада ғана мүмкін.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Басқа қалада заңды тұлғаның шотын жабуға бола ма?
Заңды тұлғалар шоттарды тек шот ашылған банктің филиалында ғана жаба алады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Заңды тұлғаның шоты қандай мерзім ішінде жабылады?
Заңды тұлғаның шоты өтініш берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жабылады (егер шот банктің барлық нормативтік тексерістерінен сәтті өтсе).
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Шетел валютасында шотты қалай ашуға болады?
Шетел валютасында шот ашу үшін теңгемен ағымдағы шот ашу қажет. Сізге қызмет көрсетілетін біздің банктің филиалына жүгіну керек.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады