Жиі қойылатын сұрақтар
Аударымд операциялары
Шұғыл төлемдермен/аударымдар қанша уақытты құрайды ?
Шұғыл төлемдермен/аударымдар бір сағат ішінде жүзеге асырылады. Жедел төлемдермен/аударым үшін аударым сомасының 0,10% комиссиялық сыйақы, банктің стандартты бағамына сәйкес, ең төмен комиссиялық сомасы 1 500 теңге, ең көбі 4 500 теңгеден құралады.
Жауабы пайдалы болды
Мен жедел төлемдер арқылы салық төлемдерін жібере аламын ба?
Салық төлемдері жедел аударым арқылы жіберілмейді.
Жауабы пайдалы болды
Әкімшілік айыппұлды төлеуде қиындықтар туындаса не істеуім керек?
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен «АДМ», әкімшілік материалдардың сәйкестендіру нөмірі, «/A» белгілері, төлем мақсаты көрсетіледі.
Жауабы пайдалы болды
БСК деген не?
БСК - бұл бюджеттік сыныптама коды, ол салықты төлеу кезінде толтырылады.
Жауабы пайдалы болды
VIN коды дегеніміз не?
VIN коды - бұл көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, ол көлік құралына салықты жіберу кезінде толтырылады. Көлік құралдарына салық төлеген кезде «Төлем атауы» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем туралы хабарламаның «Төлем атауы» бағанында «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» деген жазумен келесі ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/ V» белгілері.
Жауабы пайдалы болды
БеК деген не?
БеК - бұл бенефициардың коды немесе алушының коды, кез келген төлемді жіберген кезде толтырылады, біздің Банктің БеК-і 14.
Жауабы пайдалы болды
ТБК деген не?
ТБК- бұл төлем белгілеу коды, төлем құжаттарында, кассалық құжаттарда, сауда чектерінде және бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады. Төлемді жасау кезінде толтыру қажет. ТБК төлемнің мақсатына сәйкес келуі тиіс
Жауабы пайдалы болды
Төлем мақсаты туралы не жазу керек?
«Төлем мақсаты» жолында сіз жіберетін құжаттың мақсаты толтырылады. Төлем жасау кезінде міндетті түрде толтырыңыз.
Жауабы пайдалы болды
КЕН деген не?
КЕН (келісімшарттың есептік нөмірі) – бұл экспорттық немесе импорттық мәмілелер бойынша екі қатысушы арасындағы валюталық шарттың нөмірі. Валюталық бақылаудан өту үшін қажет.
Жауабы пайдалы болды
ЕҚСК дегеніміз не?
ЕҚСК – есепке қою себебінің коды – Ресей Федерациясының салық органдарында тіркелуіне байланысты СТСН-ге (салық төлеушінің сәйкестендіру нөміріне) қосымша түрде салық төлеуші-заңды тұлғаға беріледі. ЕҚСК –ұзындығы 9 таңба құрайтын цифрлық кезектілік.
Жауабы пайдалы болды