Жиі қойылатын сұрақтар
Карталар бойынша операциялар
Операция кезінде қаражат қалай оқшауланады?

Әдетте, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде және өзге де шығыс операцияларын жүргізу кезінде банк транзакция сомасына қаражатты оқшаулайды (қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды). Бұдан әрі, Банк жүзеге асырылған операция бойынша қаржылық (растайтын) құжат түскен кезде шоттан қаражатты есептен шығарады. Оқшауланған сома оқшаулаудан шығарылады. Әдетте, оқшаулау мен есептен шығару арасындағы уақыт бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін. 5 күннен артық соманы оқшаулау кезінде сіз Call-center-ге 7711 нөмірі бойынша немесе Банк бөлімшесіне жүгіне аласыз. Кейде операция сомасы шоттан есептен шығарылған кезде, Бірақ оқшаулаудан шығарылмаған жағдай болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сіз қаражатты оқшаулаудан шығару үшін өз Банкіңізге жүгіне аласыз.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мультивалюталық карта мен стандартты картаның айырмашылығы неде?

Мультивалюталық карта әртүрлі валютадағы бірнеше шоттарға байланған. Бастапқыда мультивалюталық карта үш валютада шығарылады: KZT, USD, EUR. 21-ге дейін валюталық шоттарды қосуға рұқсат етіледі. Мультивалюталық картаның көмегімен айырбастаусыз әлемнің кез келген нүктесінде қажетті валютада операциялар жасауға болады. Мультивалюталық картаның басты артықшылығы:

  • Ыңғайлылық. Банкте немесе алмастырғыштарда валютаны ауыстырудың қажеті жоқ, мұны Jýsan мобильді қосымшасында жасауға болады.
  • Айырбастауды үнемдеу. Картаны бірден бірнеше шоттарға байланыстыру ақшаны айырбастаусыз операция валютасына сәйкес келетін валютада есептен шығаруға мүмкіндік береді. Егер карта стандартты болса, онда валюталар сәйкес келмеген жағдайда қаржылық құжат түскен сәтте банк белгілеген валютаны қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамы бойынша айырбастау жүргізіледі.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Неліктен мультивалюталық картаны пайдаланып жасалған транзакциядан кейін соманың бір бөлігі басқа валютадағы шоттан есептен шығарылды?

Мультивалюталық карта бойынша операция жүргізу кезінде операция валютасына сәйкес келетін валютадағы шоттағы операция сомасы оқшауланады. Егер бұл шотта қаражат жеткіліксіз болса, онда жетіспейтін соманы қаржы құжаты түскен сәтте банк белгілеген бағам бойынша бір мезгілде айырбастай отырып, осы картаның басқа карточкалық шоттарынан алу (аудару) жүзеге асырылады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мультивалюталық карта бойынша операцияларды жүргізу кезінде айырбастау тәртібі қандай?

Әдетте, төлем картасы бойынша операция жүргізу кезінде Банк мынадай өлшемдер бойынша белгілі бір валюталық шоттағы соманы оқшаулауды жүзеге асырады:

- Егер операция валютасы сіздің мультивалюталық картаңыздың қолда бар шоттарының бірінің валютасымен сәйкес келсе, онда қаражат болған жағдайда сома сол валютада оқшауланады. Яғни, USD операция жүргізу кезінде долларлық шоттағы сома оқшауланады, KZT операция жүргізу кезінде теңгелік шоттағы сома оқшауланады және т.б.;

- Егер операция валютасы сіздің картаңыздағы ашылған шоттардың ешқайсысының валютасымен сәйкес келмесе, онда оқшаулау  "негізгі валютадағы" шотта жүргізіледі. "Негізгі валюта" ретінде KZT белгіленді.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Сатып алуды дебеттік төлем картасымен шетел валютасында төледім, бірақ картадағы қалдық бойынша сатып алудың болжамды сомасынан артық есептен шығарылғанын көрдім.

Әдетте, транзакция жүргізу кезінде қаражат алдымен карточкалық шотта оқшауланады, ал соманы шоттан есептен шығару Банк қаржылық ұсынымды (қаржылық құжатты) алғаннан кейін жүргізіледі. Соманы оқшаулау мен соңғы есептен шығару арасындағы кезең бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін. Шетелдік валютада транзакция жасаған жағдайда, егер төлем KZT шотында жүргізілсе, есептен шығару сомасы оқшаулау сомасынан ерекшеленуі мүмкін. Бұл қаржылық құжат түскен сәттен оқшауланған сәтке дейінгі кезеңде валюта бағамының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мультивалюталық картадағы қалдықты қайдан және қалай білуге болады?

Мультивалюталық карта бойынша қолжетімді балансты Jysan мобильді қосымшасында табуға болады. Сондай-ақ, транзакциялық операциялар бойынша SMS/ Push-хабарламаларда сатып алу сомасы, сатып алу валютасы және Банкте белгіленген ағымдағы бағам бойынша барлық шоттар бойынша теңгемен жалпы қолжетімді баланс көрсетіледі

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Тауарды қайтару кезінде не болады?

Егер сіз тауарды / қызметті қайтарған болсаңыз, Сатушы қайтаруды ресімдеу кезінде сізге тиісті чек беруі тиіс.

Операцияның толық сомасын қайтарған кезде, бұл сома бірнеше күн ішінде сіздің шотыңызға толығымен қайтарылады .

Егер сіз ішінара қайтаруды ресімдесеңіз, онда үзінді көшірмеде:

- операцияның барлық сомасын қайтару,

- қайтару сомасын шегергендегі жаңа есептен шығару көрсетіледі. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Егер сома екі рет есептен шығарылса немесе үзінді көшірмеде көрсетілген операцияны растамасам не істеу керек?

Сізге Jýsan Банктің бөлімшесіне жүгіну және операцияға дау айту үшін бланк-өтініш толтыру қажет.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Картадан картаға қалай аударуға болады?

ҚР төлем карталарына аударым операциялары үшін Банк екі тәсілді қолдануды ұсынады: банкомат немесе Jýsan мобильді қосымшасы. АТМ-ге аударымды жүзеге асыру үшін банкоматқа аударым жүзеге асырылатын төлем картасын салу, мәзірде "Аударымдар" функциясын таңдау, аударымды жүзеге асыру қажет картаның толық нөмірін және сомасын енгізу қажет.

Jýsan мобильдік қосымшасының картадан картаға аударымдар "Аударымдар" бөлімінде: карта нөмірі бойынша (оның ішінде ҚР басқа банктерінің карталарына), телефон нөмірі бойынша (біздің банктің клиент картасына), банктегі өз шоттары арасында, жылдам төлемдер жүйесі бойынша қолжетімді. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мобильді қосымшадағы аударымның ең аз сомасы қандай?
Аударымның ең аз сомасы-валютаның 1 бірлігі.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Менің картам атаулы емес. Мен одан аударымдар / төлемдер жасай аламын ба?

Иә, әрине. Карточканың атаулы карта  сияқты тең құқықтары мен қаржылық функциялары бар және атаулы  секілді төлем құралы болып табылады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Сіздің шоттарыңыз арасында аудару кезінде айырбастау қандай бағам бойынша болады?
Банк өз шоттары арасында аударымдарды жүзеге асыру кезінде аудару сәтінде қолма-қол ақшасыз операциялар үшін Банк белгілеген валютаны сату/сатып алу бағамы бойынша айырбастауды жүзеге асырады.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Менің шоттарыма тыйым салынса, мен аударым жасай алам ба?

ҚР Заңнамасы бойынша шотта тыйым салынған жағдайда шығыс операцияларына тыйым салынады. Бұл жағдайда тыйым салу түріне байланысты шоттан ішінара алу мүмкін.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мен аударым кезінде алушының деректерінде қате жібердім. Не істеу керек?

Сізге Jysan Банктің бөлімшесіне жүгіну және операцияға дау айту үшін бланк-өтініш толтыру қажет.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мен төлем картасына ақша аударымын алдым, қаражатты қаншалықты тез пайдалана аламын?

Сіздің төлем картаңызға түскен қаражаттарды сіз бірден пайдалана аласыз - келесі ережелер қолданылатын аударым операцияларын қоспағанда, сатып алу, қолма-қол ақша алу:

1. Егер сома KZT (теңге) шотына түссе - аударымдар әр 30 минут сайын сағат 08-00-ден 20-00-ге дейін қолжетімді болады.

2. Егер сома шотқа шетел валютасында келіп түссе-аударымдар қаржылық құжат келіп түскеннен кейін қолжетімді болады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Маған картаға ақша түсті, бірақ мен оларды аудара алмаймын, "Кейінірек аударуға тырысыңыз" деген хабарласа шығады. Тел. 7711»

Бұл сіз аударғыңыз келетін сома бойынша қаржылық құжат әлі түспегенін білдіреді:

1. Егер сома KZT (теңге) шотына түссе - аударымдар әр 30 минут сайын сағат 08-00-ден 20-00-ге дейін қолжетімді болады.

2. Егер сома шотқа (шетел ) валютасында келіп түссе-аударымдар қаржылық құжат келіп түскеннен кейін қолжетімді болады.

Сіздердің назарларыңызға бірнеше мысалды ұсынамыз:

- егер KZT (теңге) шотыңызға сома сағ.19-30  түссе (басқа банктің картасынан ақша аударымының түсуі), бұл соманы сіз сағ. 20-00 бастап аудара аласыз.

- егер KZT (теңге) шотыңызға сома сағ.20-30  (басқа банктің картасынан аударымның түсуі) түссе, сіз бұл соманы 08-00 сағ. бастап аудара аласыз.

- егер шотқа (шетел валютасында ) сома  сағ.20-30 сома түссе (басқа банктің картасынан аударымның түсуі) - аударымдар қаржылық құжат түскеннен кейін ғана қолжетімді болады.

Толығырақ ақпаратты Jýsan Банктің Call-center  телефонына 7711 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алуға болады (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін). 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Шетелдік банктің картасына аударым жасай аламын ба?

Jýsan мобильді қосымшасында  мультивалюталық карта болған жағдайда hесей рублімен жылдам төлемдер жүйесі бойынша Ресей Федерациясына аударым жасауға болады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады