"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" халықаралық ақша аударымын Jýsan мобильді қосымшасында жасауға болады.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" халықаралық ақша аударымы бойынша аудару операциялары тек ресей рублінде жүргізіледі.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" халықаралық ақша аударымын тек Ресей Федерациясына жасауға болады.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" аударымын алу сол сәтте жүзеге асырылады.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" аударымының ең жоғары сомасы 200 000 ресей рубліне дейін құрайды.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" аударымы үшін комиссияны тек жөнелтуші төлейді.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" халықаралық аударымын жүзеге асыру үшін алушының келесідей деректерін енгізу керек:
- мобильді телефон нөмірі;
- Тегі;
- Шот ашылған банк.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" аударымдар тек жеке тұлғалар арасында жасалады.
"РФ-қа телефон нөмірі бойынша" халықаралық ақша аударымы бойынша жасалып қойған аударымды болдырмау мүмкін емес, себебі аударым сол сәтте түседі.
Ақша аударымын алушы өзінің Мобильді қосымшасында (онлайн) ЖТЖ арқылы жіберілген (мұндай функция бар болса) кіріс ақша аударымдарын қабылдауға рұқсат беруі немесе қызмет көрсетуші Банктің колл-орталығына хабарласуы керек.