LoungeKey-MasterCard World Elite карточкаларын ұстаушыларға арналған бүкіл әлем бойынша әуежайлардың бизнес-залдарына кіру бағдарламасы
LoungeKey қызметін пайдалану үшін MasterCard World Elite карточкасының иесі алдымен өзінің төлем картасын www.loungekey.com/jusanbank арнайы сайтында тіркеуі және сайттан мақұлдау алуы тиіс. Осыдан кейін бизнес-залға өту кезінде карточка ұстаушы зал қызметкерлеріне LoungeKey бағдарламасы шеңберінде қолжетімділікті пайдаланғысы келетінін және өзінің төлем картасын ұсынғысы келетінін хабарлауы қажет.
Карта атаулы болғандықтан, ол қызметті тек оның иесіне ғана пайдалануға құқық береді. Бұл ретте карточка ұстаушы өзімен бірге қонақтарды залға өткізуге құқылы. Өткізілетін қонақтардың саны бизнес-зал шарттарына байланысты (орта есеппен 3-4 қонақ).
Өткізілетін қонақтардың саны бизнес-зал шарттарына байланысты (орта есеппен 3-4 қонақ).
Бір сапардың құны әр адамнан келген сапар үшін 27-30 АҚШ долларын құрайды.
LoungeKey бағдарламасында проблемалар туындаған жағдайда мамандандырылған тәулік бойы клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет . Орталық қызметкерлері бірнеше тілде сөйлейді. Қызмет көрсету орталығының телефондары www.loungekey.com/jusanbank бағдарлама сайтында орналастырылған.
Бағдарлама сайты арқылы сіз мобильді қосымшаны жүктеп, қажетті залды таба аласыз, сонымен қатар басқа да қажетті ақпаратты ала аласыз.
Әуежайдағы бизнес-залдарды LoungeKey бизнес-залдарының логотипі бар белгіленген көрсеткіштер бойынша табуға болады. Әр залдың орналасқан жері туралы ақпарат https://airport.mastercard.com/ru сайтында және LoungeKey мобильді қосымшасында бар.
Бизнес-залдардағы қызметтер әртүрлі болуы мүмкін. Нақты әуежай қызметтерінің тізімі бағдарлама сайтында және мобильді қосымшада қол жетімді.
MasterCard World Elite төлем карточкалары үшін Lounge Key-ге жылына 2 рет тегін кіру қарастырылған (одан кейінгі сапарлар .loungekey.com сайтындағы серіктестің тарифтеріне сәйкес клиенттің шотынан алынады). LoungeKey-мен бизнес-залдарға қол жетімді ақысыз сапарлардың санын веб-сайтта немесе LoungeKey мобильді қосымшасында тіркелгеннен кейін көруге болады.
Lounge Key бағдарламасы бойынша бизнес-залға келу құны 27$ - 30$ құрайды (және әрбір қосымша қонақ үшін), ол барлық қол жетімді тегін сапарларды пайдаланғаннан кейін әр келесі сапар үшін картадан тікелей ұсталады.
LoungeKey бағдарламасына әлемнің 300-ден астам қалаларында 1000-нан астам бизнес-зал қатысады. Белгілі бір әуежайда залдың болуын тексеруге болады:
1. https://airport.mastercard.com/ru
2. LoungeKey Қосымшасы