Жиі қойылатын сұрақтар
PIN-код
Төлем картасына ДСН-коды қалай алуға/орнатуға болады?

Төлем картасын алғаннан кейін сізге ДСН-код орнату қажет. ДСН-кодты екі жолмен орнатуға болады:

  • JÝSAN мобильді қосымшасы арқылы ДСН-кодты орнату;
  • Банк банкоматында ДСН-кодты өздігінен орнату.

Банк банкоматында ДСН-кодты орнату процесі

  1. Банкте тіркелген ұялы телефон нөмірінен 7711 нөміріне "epin ХХХХ" мәтінімен SMS-хабарлама жіберу қажет (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны)";
  2. Жауап ретінде Банктен уақытша коды бар SMS-хабарлама келеді;
  3. Әрі қарай картаны Jýsan Банктің  кез келген банкоматына салып, алынған уақытша кодты ДСН-кодты енгізу өрісіне енгізу қажет;
  4. Банкомат мәзірінде "ДСН орнату/ауыстыру" бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына сіз ойлап тапқан ДСН-кодты 2 рет енгізіңіз (банкомат ДСН-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс);
  5. Тұрақты ДСН-кодты орнатқаннан кейін төлем картаңыз іске қосылып, пайдалануға дайын болады.

Маңызды! Уақытша код Jýsan Банктің  банкоматы арқылы төлем картасына ДСН-кодты орнатуға ғана арналған және 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды, уақытша кодпен кез келген басқа операциялар мүмкін емес. Егер ДСН-код Jýsan мобильді қосымшасында орнатылған болса, онда уақытша кодты сұраудың қажеті жоқ. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Егер мен ДСН-кодты ұмытып қалсам не істеуім керек?

Егер сіз төлем картасынан ДСН-кодты ұмытып қалсаңыз, жаңа ДСН-кодты екі тәсілмен орната аласыз:

• Jýsan мобильді қосымшасында жеке кабинетке қолжетімділік болған жағдайда. Ол үшін сізге:

  1. Jýsan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру) және "менің Банкім" бөліміне өту;
  2. "Карта бойынша мәліметтер" бөліміне өту үшін қажетті картаны таңдап, оған басу;
  3. "ДСН-кодты өзгерту" жолын таңдау;
  4. Пайда болған терезеде жаңа ДСН-кодты 2 рет енгізу керек.

• Банк банкоматында ДСН-кодты өз бетінше ауыстыру. Ол үшін сізге  

  1. Банктің Call-орталығына хабарласу және ескі ДСН-кодты жою;
  2. Банкте тіркелген ұялы телефон нөмірінен 7711 нөміріне "epin ХХХХ" мәтінімен SMS-хабарлама жіберу (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны);
  3. Жауап ретінде Банктен уақытша коды бар SMS-хабарлама келіп түсуі;
  4. Әрі қарай картаны Jýsan Банктің  кез келген банкоматына салып, алынған уақытша кодты ДСН-кодты енгізу өрісіне енгізу;
  5. Банкомат мәзірінде "ДСН орнату/ауыстыру" бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына сіз ойлап тапқан ДСН-кодты 2 рет енгізу (банкомат ДСН-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс) керек;
  6. тұрақты ПИН-кодты орнатқаннан кейін төлем картаңыз іске қосылып, пайдалануға дайын болады.

Маңызды! Уақытша код Банктің банкоматы арқылы төлем картасына ДСН-кодты орнатуға ғана арналған және 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды, уақытша кодпен кез келген басқа операциялар мүмкін емес. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мен шетелдемін, төлем картасының ДСН-кодын ұмытып қалдым. Мен жаңасын ала аламын ба?

Егер сіз шетелде болсаңыз және төлем картасынан ДСН-кодты ұмытып қалсаңыз, Jýsan мобильді қосымшасына кіру мүмкіндігіңіз болса, жаңа ДСН-код ала аласыз. Ол үшін сізге:

-  Jýsan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру) және "Менің Банкім" бөліміне өту;

- "Карта бойынша мәліметтер" бөліміне өту үшін қажетті картаны таңдап, оны басу";

- "ДСН-кодты өзгерту" жолын таңдау;

- пайда болған терезеде жаңа ДСН-кодты 2 рет енгізу керек. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Егер мен PIN-кодты бірнеше рет қате енгізіп, картаны оқшауласам не істеуім керек?

Егер төлем картасынан ДСН-код бірнеше рет дұрыс енгізілмеген болса және сіздің картаңыз оқшауланған болса, сізге ДСН-кодты енгізу есептегішін нөлдеу  қажет, төлем картасына қызмет көрсету тарифтеріне сәйкес комиссия алынуы мүмкін. ДСН-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру үшін сізге:

- Jýsan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру), "Менің Банкім" бөліміне өту, қажетті картаны таңдап, "Карта бойынша мәліметтер" бөліміне өту үшін оны басу, одан әрі "ЖСН енгізу есептегішін нөлдеу" басу;

- Төлем картасынан ДСН-кодтың дұрыс енгізілмеген әрекеттерін нөлдеу үшін Банктің Call-орталығына 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) жүгіну керек. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
ДСН-код жазылған конверттегі соңғы сан көрінбесе не істеу керек?

Егер ДСН-конвертте сандар көрінбесе, ДСН-конвертті қайта шығару үшін Сізге ыңғайлы кез келген банк бөлімшесіне жүгіну қажет. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Уақытша коды бар SMS келмесе не істеу керек?

Уақытша коды бар SMS алмаған жағдайда 7711-epin ХХХХ нөміріне (мұнда ХХХХ - төлем картасының соңғы 4 саны) SMS - хабарламаға мәтінді енгізудің дұрыстығын тексеру қажет. Егер мәтін дұрыс енгізілсе, Банктің Call-орталығына 7711 нөмірі бойынша хабарласу қажет (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Уақытша кодпен төлем жасалмаса не істеу керек?

Төлем және уақытша коды бар төлем картасы бойынша операциялар мүмкін емес. Төлем картасының уақытша коды тұрақты ДСН-кодқа ауысуға ғана арналған.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Уақытша кодтың мерзімі аяқталған жағдайда не істеу керек?

Егер төлем картасынан уақытша кодтың қолданылу мерзімі өтіп кетсе, 7711 нөміріне "epin ХХХХ" (мұнда ХХХХ-төлем картасының соңғы 4 саны) деген мәтіні бар SMS - хабарламаны қайта жіберу қажет. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Jýsan мобильді қосымшасында уақытша кодты тұрақтыға ауыстыра аламын ба?

Төлем картасынан уақытша кодты тұрақты ДСН-кодқа ауыстыру Jýsan Банктің  банкоматтарында ғана мүмкін болады.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Неліктен уақытша кодты тұрақты кодқа ауыстыру керек?

Төлем картасынан уақытша код тұрақты ДСН-кодқа ауыстыру үшін ғана арналған, себебі төлем және уақытша коды бар төлем картасы бойынша операциялар мүмкін емес.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Егер ДСН-код конвертте берілсе, бірақ мен оны жоғалтып алсам не істеу керек?

Егер ДСН-конверт жоғалған болса, жаңа ДСН-конвертті қайта шығару үшін Jýsan банкінің кез келген ыңғайлы бөлімшесіне жүгіну қажет. Сондай-ақ, егер сіз Jýsan мобильді қосымшасының жеке кабинетіне кіре алсаңыз, ДСН-кодты өзгерте аласыз. Ол үшін сізге қажет:

-  Jýsan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру) және "Менің Банкім" бөліміне өту;

- қажетті картаны таңдап, "Картадағы мәліметтер" бөліміне өту үшін оны басу;

- "ДСН-кодты өзгерту" жолын таңдау;

- пайда болған терезеде жаңа PIN-кодты 2 рет енгізу керек.  

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Төлем картасынан қолданыстағы ДСН-кодты қалай өзгертуге болады?

Төлем картасынан қолданыстағы ДСН-кодты екі тәсілмен өзгертуге болады:

1.Jýsan  Банктің  банкоматтарында. Ол үшін сізге:

- картаны Jýsan Банктің  кез келген банкоматына енгізіп, қолданыстағы ДСН-кодты енгізу;

- Банкомат мәзірінде "ДСН орнату/ауыстыру" бөлімін таңдап, көрсетілген жолға төлем картасына жаңа ДСН-кодты 2 рет енгізу  (банкомат ДСН-кодты сәтті ауыстыру туралы хабарлама және чек беруі тиіс) керек.

2. Jýsan мобильді қосымшасында жеке кабинетке қолжетімділік болған жағдайда. Ол үшін сізге  

-  Jýsan мобильді қосымшасында авторизациялану (жеке кабинетке кіру) және "Менің Банкім" бөліміне өту;

- қажетті картаны таңдап, "картадағы мәліметтер" бөліміне өту үшін оны басу;

- "ДСН-кодты өзгерту" жолын таңдау;

- пайда болған терезеде жаңа ДСН-кодты 2 рет енгізу керек. 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады