Western Union халықаралық аударымын Банк бөлімшесінде жасауға болады.
Western Union жүйесі бойынша аударым операциялары тек теңгемен және АҚШ долларымен жасалады. ҚР аумағы бойынша операцияларды тек АҚШ долларымен ғана жасауға болады.
Western Union халықаралық ақша аударымы бойынша елдердің толық тізімін сайттан қарауға (қызметтер - ақша аударымдары) немесе 7711 нөмірі бойынша Jýsan Банктің Call-center-іне қоңырау шалуға болады (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін)
Western Union халықаралық аударымын алу уақыты - 15 минут.
Western Union халықаралық аударымының ең жоғары сомасы 7499 АҚШ долларын немесе теңгедегі баламасын құрайды.
Western Union халықаралық аударымы үшін комиссияны тек жіберуші ғана төлейді.
Western Union халықаралық аударым жүйесінде түскен ақшаны сақтау мерзімі 90 күн.
Егер Western Union халықаралық аударымын жіберу кезінде қате жіберілсе, аударым жасалған бөлімшеге жүгіну қажет.
Western Union халықаралық аударымын сенімхат бойынша алу / жөнелту жүзеге асырылмайды.
Western Union халықаралық аударымын алушының еліне байланысты басқа валютада алуға болады. Валюта Western Union жүйесінің бағамы бойынша айырбасталады.
Western Union халықаралық аударымын заңды тұлғалардың пайдасына және одан заңды тұлғаның Western Union-мен шарттық қатынастары болған кезде жіберуге және алуға болады.
Western Union халықаралық аудармасының күшін жою үшін аударым жасалған бөлімшеге жүгіну қажет.