ҚНРДА Jýsan Bank-тің АТФБанк акцияларын сатып алуы жайында

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) АТФБанктің Jýsan  тобына қосылуы бойынша мәміле шеңберінде  Jýsan  Банкке АТФБанк акцияларының 99,76% -ын сатып алуға келісімін берді.   

Өз кезегінде, Агенттік АТФБанктің бұрынғы ірі акционері Г.Ш.Есенов мырзаның Jýsan Банк акцияларының  19,97% -ын сатып алуына келісімін берді. 

Сондай-ақ мәміле қатысушылары Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан акционерді АТФБанктің еншілес ұйымы «Оптима Банк» АҚ-қа ауыстыруға қатысты қажетті рұқсаттар алды.

Банктерді біріктірудің қаржылық моделі бірігу мен қосып алудың классикалық үлгісіне сәйкес келеді (M&A), осы үлгі бойынша АТФБанктің 124 млрд.теңге мөлшерінде меншікті капиталы қосымша провизиялар құру үшін пайдаланылды. Акционер шығыстардың орнын толтырғаннан кейін, Jýsan Банк  реттегіштің талаптарына сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін қалыптастыра отырып АТФБанкті 97 млрд.теңгеге үстеме капитализациялауды жүзеге асырды. Мәміле нәтижесінде АТФБанк қажетті провизиялар көлемін қалыптастырды, капитал мен өтімділіктің қажетті қорына ие болды, бұл банктің ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Агенттіктің ойынша, ең ірі қазақстандық банктердің бизнес-модельдерін біріктіру екі банктің қаржылық және технологиялық артықшылықтарын пайдалану есебінен банктік сектордың тұрақтылығын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға септігін тигізетін болады. Jýsan Bank пен АТФБанктің активтерінің жиынтық көлемі шамамен 3 трлн теңге, ал екі банктің нарықтық үлесі банктік сектор активтерінен  10%  құрайтын болады.

Клиенттер үшін қызметтердің қолжетімділігін қоса алғанда, Jýsan Bank пен АТФБанктің ағымдағы қызметі қалыпты режимде және толық көлемде жүзеге асырылады.   

Байланыс үшін:

ҚНРДА сыртқы коммуникациялар басқармасы: 
+7 (727) 237 1090
e-mail: PRESS@finreg.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады