Құрметті клиенттер!
Сіздер үшін 28 қаңтардан бастап GooglePlay және AppStore ресми дүкендерінде «ЦЕСНА 24» мобильді қосымшасы қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз. Аталған қосымшаның көмегімен ақша қаражатыңызды оңай әрі қауіпсіз басқарып, шоттар арасында аударымдар, коммуналдық қызметтер және басқа да қызметтер үшін төлем жүргізе аласыздар. Мобильді қосымша арқылы ұсынылатын сервистер пакеті үнемі кеңейтіліп, толықтырылатын болады.
Қосымшаны пайдалану үшін Цеснабанктің картасын қажет. Сізде Цеснабанктің картасы болмаған жағдайда тікелей «ЦЕСНА 24» қосымшасы арқылы карта ресімдеуге өтінім бере аласыз. Сізге картаның шығарылғаны жөнінде хабарлама келгеннен кейін картаны Цеснабанктің жақын орналасқан бөлімшесінен ала аласыз.
