АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы реттегіштің мақұлдауын алды

1 маусым 2021 ж. – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылу арқылы оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берді.   

Бұрын АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы туралы мәселе екі банктің акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында оң түрде қарастырылып, заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті құжаттар 2021 жылғы сәуір айында реттегішке қарау үшін жіберілген болатын. 

Қосылу нәтижесінде Jusan Bank активтер мен капиталының көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал бірігу аяқталғаннан кейін оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторының нарықтық үлесінің шамамен10%-ын құрайтын болады. 

«АТФБанктің Jusan-ға қосылуы филиалдар мен банкоматтардың біріктірілген желісіне ғана емес, жаңа өнімдер мен сервистерге де кең қолжетімділік аша отырып, екі банктің де клиенттері үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Қазір екі банктің командалары ағымдағы жылдың аяғына дейін жоспарланып отырған АТФБанк клиенттерінің жайлы түрде ауысуы барысында еңбек етіп жатыр, - дейді Jusan Bank  басқармасының төрағасы Айбек Қайып. – Сонымен қатар, біз цифрлық экожүйеміздің мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытуды жалғастырып жатырмыз. Осылайша, Jusan мобильді қосымшасында банктік карта мен экспресс-кредитті қашықтықтан алу мүмкіндігіне қосымша түрде біздің барлық клиенттерімізге инвестициялау, сақтандыру, билеттер мен қонақүйлерді брондау бойынша сервистер, сондай-ақ 200 мыңнан астам тауар атаулары бар гипермаркет – Jmart маркетплейсінде сатып алу мүмкіндігі қолжетімді.  Біздің барлық клиенттеріміз үшін Jusan мобильді қосымшасы – бұл біздің әрдайым жаңа функционалмен толықтырып отыруға ниеттеніп отырған, барлық күнделікті тіршілік міндеттерін шешуге арналған әмбебап құрал.».


Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады