Jýsan Bank Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

1 шілде 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank жалғыз акционердің 2020 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгертулер туралы хабарлайды.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – тәуелсіз директор болып осы лауазымдағы Болат Бидахметұлы Жәмішевтің өз жұмысын аяқтауына байланысты Аршаг Патрик Восгиморукиан (Archag Patrick Vosgimorukian)  тағайындалды.   

Аршаг Патрик Восгиморукиан (Archag Patrick Vosgimorukian) 1973 жылы туылған Франция азаматы. 1994 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Франциядағы Америка университетін тәмамдады. 1998-2000 жылдар аралығында Societe Generale Securities-те Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (EMEA TMT)  өңірлері бойынша телекоммуникациялар, медиа және технологиялар саласында қаржы аналитигі болып жұмыс істеген.  2000-2007 жылдар аралығында ABN AMRO Corporate Finance London Ltd  компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі бірігу және қосып алу бағытын басқарды (2000-2007). 2007-2008 жылдары Renaissance Capital Central Asia компаниясында басқарушы директор болды, Орталық Азия мен Кавказда инвестициялық-банктік және қаржылық қызметке басшылық еткен. 2009-2015 жылдар аралығында «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде кірді. 2010-2016 жылдары– «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 Қазақстан) Директорлар кеңесінің мүшесі. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бірқатар тікелей инвестициялардың венчурлық қорының негізін салып, басшылық жұмысына қатысты. 

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігімен келісімнен өткізуді банк заңнама белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге асыратын болады.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады