Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Құрметті жеке тұлға клиенттер!

«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына («Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы) сәйкес, Банк клиенттің банктік шотында бір жылдам астам ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысы болмаған жағдайда (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді қоспағанда) банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы екенін назарларыңызға салады.   

Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Сізгдерге 01.09.2021ж. бастап (2021 жылғы қыркүйек айының ішінде) Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын  ағымдағы шотқа (оның ішінде төлем карточкасын пайдаланатын ағымдағы шоттарға) қызмет көрсету бөлігінде біржақты тәртіпте бұзу туралы, сондай-ақ бір жылдам астам уақыт бойы қаражат болмаған және шот бойынша қозғалыс болмаған ағымдағы шоттарды (оның ішінде төлем карточкасын пайдаланатын ағымдағы шоттарды) жабу туралы хабарлайды. 

Осы хабарламаны орналастыру күні: 01.09.2021 ж.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады