Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

             Құрметті жеке тұлға клиенттер!

 «Jýsan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына («Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы) сәйкес, Банк клиенттің банктік шотында бір жылдам астам ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысы болмаған жағдайда (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді қоспағанда) банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы екенін назарларыңызға салады.   

Жоғарыда келтірілген ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Сіздерге 01.10.2020 ж. бастап (2020ж. қазан айы ішінде) ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын біржақты тәртіпте бұзатынын, сондай-ақ бір жылдам астам уақыт бойы ақша болмаған және шот бойынша ақша қозғалысы болмаған ағымдағы шоттарды жабатынын хабарлайды.

Осы хабарламаны орналастыру күні: 01.10.2020 ж.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады