«Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қ., Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Jýsan Bank» АҚ ) басқармасы  осы арқылы «Jýsan Bank»  АҚ акционерлеріне келесі  туралы хабарлайды.

«Jýsan Bank» АҚ директорлар кеңесінің 01.03.2021ж. шешімімен (№01/03/21-01 хаттама) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 16 наурызда өтетін, өткізілу уақыты 10 сағат 00 минут, «Jýsan Bank» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – АКТЖЖ), егер АКТЖЖ ол күні өткізілмесе, АКТЖЖ қайта өткізу күні – 2021 жылғы 17 наурыз, өткізілу уақыты 10 сағат 00 минут, күн тәртібін келесі мәселелермен толықтыру туралы шешім қабылданды:

«1. «First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының фирмалық атауының «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамы болып өзгертілуі туралы;

2. «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы».

Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты, акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн, қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі, сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары өзгеріссіз қалады.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады