Jýsan Bank пен АТФБанк акционері АТФБанкті сатып алу туралы алдын-ала келісімге келді

2 қараша 2020 ж., Алматы. – Jýsan Bank пен АТФБанк акционері Г.Есенов АТФБанк акцияларының 99,76%-ын Jýsan банктің сатып алуы туралы алдын-ала келісімге келді. 

Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылғы қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан, сондай-ақ ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі оны мақұлдағаннан кейін, АТФБанктің акционері Jýsan Bank  қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банктің акцияларының бір бөлігін сатып алады.

Сонымен қатар, сатып алу-сату келісім шарты жасалғаннан кейін, екі банк біртұтас стратегия шеңберінде бірыңғай форматта жұмыс істейді деп болжануда.

Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастырады, бұл клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімділікті толық көлемде сақтайды және қамтамасыз етеді.

Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және  Jýsan Garant  сақтандыру қызметтерін біріктіретін өз экожүйесін дамытуда.

АТФБанк  Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Өзінің 25 жылдық тарихында АТФБанк  бүкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоративтік секторға арналған банктік қызметтердің толық спектрін көрсете отырып, әмбебап профильді дамытып келеді.

Байланыс үшін:

Jýsan Bank баспасөз қызметі

Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215

E-mail: s.chikin@jysanbank.kz

АТФБанктің баспасөз қызметі

Тел.: +7 (701) 771-15-43

E-mail: pr@atfbank.kz 

  

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады