Jýsan Bank-тен 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алуға болады

Мемлекеттік көмек алғысы келетін адамдарға арналған ұсыныстар

Jýsan Bank клиенттері карантин енгізілу нәтижесінде табысынан айырылуына байланысты өтем бойынша мемлекеттік көмек шеңберінде 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек ала алады.

Банктің клиенттері Jysan Bank-тің кез-келген картасына (кредиттіктен басқа) немесе ағымдағы шотқа төлем ала алады.

Жаңа клиенттерге жәрдемақы алу үшін Jysan Bank-тің кез-келген бөлімшесінде (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басқа қалаларда) арнайы карта ашу қажет. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну жеткілікті.

Бөлімшелердің қазіргі жұмыс режимімен мына жерден танысуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, бізбен тәулік бойғы байланыс орталығының 7711 нөмірі арқылы байланысуға болады (мобильді телефоннан тегін).

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады