«АТФБанк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ЕБ) ашылған қолданыстағы Private Banking және жеке тұлғалардың банктік салымы мен жеке банктік келісім бойынша жаңа шарттар

Құрметті клиенттер!

2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап «АТФБанк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ЕБ) ашылған қолданыстағы Private Banking және жеке тұлғалардың банктік салым шарттары бойынша «АТФБанк» АҚ жеке тұлғаларға банктік және басқа да қызметтерді көрсетудің Жалпы шарттарының 31.5-тармағы негізінде жаңа шарттар қолданысқа енгізілетін болады:

  • Салым шартта белгіленген аяқталу мерзіміне дейін болады және егер Банк Қазақстан Республикасының заңнамаларында тікелей қарастырылған жағдайларда жинақ шотынан соманы алу туралы үшінші тұлғалардың талаптарын орындаған кезде және егер осы қалдық орнын клиент толтырмаған болса салым бойынша қалдық төмендемейтін қалдықтан кем болады. Бұл ретте, талап етілмелі мөлшерлемесі бойынша сыйақыны қайта есептеу  жүргізілмейді, сонымен қатар Банкпен мерзімінен бұрын бұзу шарты қолданылмайды.
     
  • Клиент 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын салған салымның толық сомасы қайтарылған жағдайда, Банк қосымша жарна сомаларына қатысты сыйақыны қайта есептеу жүргізбейді.
  • Салымды салым ашылған күннен бастап алғашқы 30 (отыз) күнтізбелік күнде бөліп алу жағдайында, бөліп алынған салым сомасы сыйақысы қайта есептелмейді, сыйақыны есептеу Салымның шығыс қалдығына жүргізіледі.
     
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жинақ шоты бойынша салымдағы ақшаға тыйым салынса және/немесе шығын операциялары тоқтатылған болса, Банк сыйақы есептеуді тоқтатпайды және Салымның шығыс қалдығына сыйақы есептеуді жалғастырады. 
     
  • Қолданыстағы барлық Салымдардың мерзімін ұзарту тоқтатылған.

 

Құрметпен, «АТФ Банк» АҚ ( «Jusan Bank» АҚ ЕБ)

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады