Цеснабанк оң нәтижелері туралы хабарлайды

2018 жылдың қорытындысы бойынша Цеснабанкте тұрақты қаржы көрсеткіштері белгіленген. Басқару есептемелерінің мәліметтеріне сәйкес Банкке айдың соңына қарай 21 млрд. теңге көлемінде пайда түседі деп күтілуде.

Өтімділіктің ағымдағы қоры Цеснабанкке өзінің барлық міндеттемелерін кедергісіз орындауға мүмкіндік береді. IV тоқсанның басынан бастап бизнестің барлық бағыттары бойынша ақша қаражаты қозғалысында позитивті тренд белгіленіп отыр. Қарашаның ортасынан бастап қаражат түсімі алынған қаражаттан басым болып түскен.

Бөлшек бизнестің және ШОБ секторының жалпы саралымында іскерлік белсенділіктің толық қалпына келуі, депозиттердің, сондай-ақ ШОБ айналымдарының қайтарылуы және артуы байқалады. ШОБ-ты кредиттеу көлемі қыркүйек айына дейінгі көрсеткіш деңгейіне жетті.

Цеснабанктің қысқа мерзімді, сонымен қатар ұзақ мерзімді қоры бар. Қараша айында Банк белсенді түрде өзінің ұзақ мерзімді облигацияларын жеткілікті нарыққа орналастыруды қолға алды. Қазіргі уақытта 70 млрд. теңгеден асатын сомада облигациялар орналастырылған.

Банк экономиканың нақты секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысады, соның ішінде 600 млрд. теңге сомасына ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету бағдарламасына қатысуға ниеттіміз. Клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, аталған Бағдарламаның шеңберінде Цеснабанк 70 млрд. теңге сомасына өтінім жасайды. Сондай-ақ Банк клиенттеріміздің бизнес-жобаларын қаржыландыру үшін қазақстандық және халықаралық дамыту институттарымен ынтымақтастық орнатқан.

26 қарашада Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-қа 450 млрд. теңге сомасындағы агрокредиттер портфелін сату бойынша мәміле шеңберінде өзінің барлық міндеттемелерін орындағаны жөніндегі ақпаратты жолдады. Атап айтқанда, ПКҚ-қа тапсырылатын активтерге байланысты кепілдіктерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталды. Жақын арада аталған мәміле шеңберіндегі соңғы транштың түсімі күтілуде. ПКҚ-дан алған қаражатты клиенттеріміздің бизнестерін қаржыландыру, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің қарызын мерзімінен бұрын өтеу үшін жұмсауға жоспарлап отырмыз.

Банк өзінің өнімдер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Мәселен, депозиттер тізілімі ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 13, 5% дейінгі жаңа “Цесна Максимум” жинақ ақша салымымен толықты. “7-20-25” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. «Баспана хит» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасының шеңберіндегі алғашқы кредиттер Цеснабанктен берілген. Сондай-ақ біз Қазақстан ипотекалық компаниясымен «Орда» өнімі бойынша алғашқы серіктес-банк атандық.

Қарашада Цеснабанктің жеке тұлғаларға арналған мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді. Қосымшаның клиенттер аясы мен функциясы кезең кезеңімен кеңейтіліп, толықтырылатын болады.

Цеснабанк өзінің аймақтық желісін дамытып, тиімділігін арттырып жатыр. 2018 жылдың 29 қазанында Түркістан облысында Банктің жаңа жиырма екінші филиалы ашылды.

Осылайша, Цеснабанк нарықтық жайғасымдарын сенімділікпен басқарып, клиенттеріне заманауи банктік өнімдер мен қызметтер ұсынып жатыр.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады