S&P Global Ratings рейтингісінің өзгеруіне қатысты «Цеснабанк» АҚ-тың пікірі

Банктің рейтингілері Credit Watch Negative тізіміне орналастырылып, «В» деңгейінен «В-» деңгейіне өзгертілген.

Рейтингтердің өзгеруі жалған ақпараттың таратылуы нәтижесінде орын алған дүрлікпе әсерінен қыркүйек және қазан айларында клиенттердің қаражатының алынуынан болған. Сондай-ақ S&P Global Ratings ҚР банктік секторындағы жалпы тәуекелдіктің артқанын алға тартып отыр.

Шын мәнінде қыркүйек-қазан айларында Банктің өтімділік деңгейі қысымға ұшырады. Алайда, қараша айында дағдарысқа қарсы іс-әрекеттердің арқасында күрделі өзгерістер орын алды. Бизнестің барлық бағыттары бойынша ақша қозғалысында позитивті динамика байқалады. Қараша айының ортасынан бастап қаражат түсімі алынған қаражаттан басым болып түскен.

Цеснабанктің қысқа мерзімді, сонымен қатар ұзақ мерзімді қоры бар, өз кезегінде бұл Банкке өз міндеттемелерін тиімді орындауға мүмкіндік береді. Банктің қызметі тұрақты және басқару есептемелерінің мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 21 млрд. теңге көлемінде табыс белгіленген.

“Өкінішке орай, ағымдағы жағдайда рейтингілік агенттік өз шешімінде қатаңдық танытып, қараша айындағы клиенттер қаражатының тұрақтануы жөніндегі аргументті оң фактор ретінде ескермеген. Дегенмен, біз Банк жайғасымының қалыпқа келетініне сенімдіміз және жақын арада рейтингіміздің артатынына үміттенеміз», -деп «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы Ульф Вокурка S&P Global Ratings шешіміне қатысты өз пікірін білдірді.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады