Jýsan Bank-тің Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы бөлімшелерінің бірқатары өз жұмысын жалғастырды

Бөлімшелер зейнеткерлерге және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты АӘК және әлеуметтік төлемдерді алушыларға қызмет көрсететін болады

4 сәуір, 2020 ж., Алматы. – 5 сәуірден бастап 12 сәуір аралығында (қоса есептегенде) Jýsan Bank-тің Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы төрт бөлімшесі өз жұмысын жалғастырады. Бөлімшелер үзіліссіз және демалыссыз сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ қызметтердің шектеулі тізімімен жұмыс істейтін болады.

Астаналық филиал:

  1. №3 ҚО, Республика д-лы, 21, ВП 7-8, 117-кеңсе;
  2. №162 ҚО, Бейбітшілік к-сі, 43;
  3. №222 БҚО, Тәуелсіздік д-лы, 32;
  4. №240 БҚО, Достық к-сі, 12, НП 35.

Алматы филиалы:

  1. №161 БҚО, Абай/Әуезов д-лы, 111/107;
  2. №259 БҚО, Әл-Фараби д-лы, 15, 4В блогы, «Нұрлы-Тау» БО, 201-каб.;
  3. №253 БҚО, Айнабұлақ-2 ы/ауд., 71Д, «Белес» СО;
  4. №127 БҚО, Мамыр-3 ы/ауд., 23.

Бөлімшелер зейнетақы төлемдерін, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алатын жеке тұлғаларға, сондай-ақ осы санаттағы тұлғалар үшін басқа да қызметтерді көрсетеді.

Көрсетілетін қызметтердің негізгі тізімі:

 

  • төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алу үшін карталар мен арнайы шоттар ашу (42 500 теңге);
  • карталар мен арнайы шоттардан ақшалай қаражатты алу;
  • арнайы шоттан карта мен депозитке ақша аудару;
  • зейнетақы төлемдері, атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік әлеуметтік төлемдер бойынша төлем жүргізуге байланысты басқа да операциялар.

Jýsan Bank бөлімшелерінің жұмысына шектеулер кезеңінде ол барлық негізгі қызметтер мен

қашықтықтан қызмет көрсету арналарының – жалақыны картаға есепке жатқызу мен алудың,

ұялы және интернет-банкинг жүйелеріндегі төлемдер мен аударым операцияларының жүргізілу жұмысын үздіксіз қамтамасыз етеді.

Төлем карталары бойынша барлық қызметтер - POS-терминалдар арқылы төлемдер,

банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, аударымдар және басқа да қызметтер толық көлемде ұсынылады.

 

Клиенттер қажетті операцияларды жүзеге асыру үшін:

Jýsan Bank-тің басқа қалалардағы бөлімшелері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді және банктік қызмет көрсету қызметін толық көлемде ұсынады. Сауда орталықтарында, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында немесе карантинге байланысты шектеулер енгізілген ғимараттарда орналасқан бөлімшелер жабық. Басқа қалалардағы бөлімшелердің жұмыс уақыты.

Төтенше жағдай кезіндегі банктің жұмысы туралы толық ақпарат.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады