Абайлаңыздар, алаяқтар!

Құрметті клиенттер!

Клиенттеріміздің банктік карталары бойынша телефонмен жасалатын алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты және сіздердің қаражаттарыңызды қорғау мақсатында, Сіздерден қарапайым сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.

ЕШҚАШАН бөтен адамға өздеріңіздің жеке деректеріңізді хабарламаңыздар:

  • SMS-пен келген парольдер.
  • картаның пин-коды.
  • СVV/CVC-код (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код).
  • Jusan мобильді қосымшасының паролі.

Естеріңізде болсын, банк қызметкерлері ЕШҚАШАН клиенттерге:

  • Кодтар мен парольдерді хабарлау.
  • Смартфон немесе компьютерге бөтен бағдарламалар орнату.
  • Басқа шоттар немесе карталарға ақша аудару.
  • кейіннен үшінші тұлғалардың шоттарына қарыз қаражатын аударумен қарыз беруге алып әкелетін іс-әрекеттер жасау секілді өтініштермен хабарласпайды.

Кодтар мен парольдер – сіздердің жеке ақпараттарыңыз. Қаскүнемдердің қолына түскен жағдайда, ол тек деректеріңіздің ғана емес, қаражаттарыңыздың да жоғалуына алып келуі мүмкін.

Егер осындай жағдай орын алса, Сіздерге қаскүнемдер ұсынып отырған әрекеттердің ешқайсысын жасамауды ұсынамыз. Мұндай жағдайларда бірден 7711 нөмірі бойынша Банктің колл-орталығына хабарласуды сұраймыз.


Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады