«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ) Басқармасы «Jusan Bank» акционерлеріне 2021 жылдың 03 қыркүйегінде  Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-де «Jusan Bank» АҚ АҚ және «АТФБанк» АҚ («Jusan» АҚ ДБ) акционерлерінің Бірлескен Жалпы жиналысының (бұдан әрі – Бірлескен АЖЖ) мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс «Jusan Bank» АҚ АҚ және «АТФБанк» АҚ («Jusan» АҚ ДБ)  Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің Бірлескен Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1. «Jusan Bank» АҚ және «АТФБанк» АҚ («Jusan» АҚ ДБ)  акционерлерінің Бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. «Jusan Bank» АҚ және «АТФБанк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ДБ) акционерлерінің Бірлескен жалпы жиналысына «АТФБанк» АҚ («Jusan» АҚ ДБ) «Jusan Bank» АҚ-қа қосылу нысанында ерікті қайта ұйымдастыру шеңберінде Өткізу актісін бекіту жөнінде.

 «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Бірлескен Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау - 2021 жылғы 30 шілде (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй, 261-каб. С.Ганиевадан алып танысуға болады (e-mail: s.ganieva@jusanbank.kz). 

Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу жиналыс басталуға 30 (отыз) минут қалғанда жүргізіледі.

Акционерлердің Бірлескен Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің қайталама бірлескен Жалпы жиналысы 2021 жылдың «04» шілдесінде Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің Бірлескен Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт болуы, ал сенім білдірілген тұлғаларда дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады