Jusan Bank қаржы компаниялары арасында Қазақстанның ең тартымды жұмыс берушілерінің үштігіне кірді

2021 жылғы 27 сәуірде жарияланған Randstad Employer Brand Research халықаралық зерттеунәтижелеріне сәйкес, Jusan Bank қаржы секторының барлық компаниялары арасында «Қазақстанның ең тартымды жұмыс берушісі» номинациясындағы рейтингтің үштігіне кірді. 

Қазақстанда мұндай зерттеу алғаш рет өткен жылы өткізілген болатын, ал жаһанды түрде ол бірнеше жылдар бойы әлемнің ондаған елдерін қамтып келеді. Жыл сайын тәуелсіз зерттеу тобы алға қоятын негізгі мақсат – ең тартымды салаларды және осы салалардағы ең үздік жұмыс берушілерді анықтау. Зерттеуді жүргізу әдістемесі әрбір елдегі 18 бен 65 жас аралығындағы еңбекке жарамды тұрғындардың пікірін айқындайтын деректерді алуға мүмкіндік береді. 

«Дағдарыстық болып есептелетін 2021 жылдың күрделі міндеттерін біздің банк бүкіл топтың ұйымшыл жұмысының арқасында орындай алды. Өте қысқа мерзімде және карантин жағдайында біз банктің толықтай үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алдық. Бұл тек топ-менеджменттің орасан зор еңбегі ғана емес, біздің барлық қызметкерлеріміздің де жоғары кәсіби біліктілігі, – дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Біз Қазақстанның ең тартымды жұмыс берушілерінің рейтингісіне кіруге қуаныштымыз және осындай мойындау ең маңызды капиталы персонал болып табылатын біздің банкіміздің корпоративтік құндылықтарын толықтай айқындап көрсетеді. Алдағы уақытта біз жұмыс беруші брендінің тартымдылығы тұрғысынан өз позицияларымызды күшейтуге ниеттіміз».

Қазақстандықтар арасында 2021 жылғы қаңтар айында сауалнама жүргізілген болатын, алынған нәтижелер шамамен 4 мың адамның пікірін ескереді және қаржы саласын қоса алғанда, тоғыз саланы қамтиды. Сауалнама қатысушылары жұмысты қалай таңдайтыны, оны қаншалықты жиі ауыстыратыны, жұмыс берушіні қайдан іздейтіндігі және таңдау жасау кезінде нені басшылыққа алатыны туралы ақпаратпен бөлісті. Нәтижесінде тартымды жұмыс берушінің ең маңызды критерийі ретінде респонденттер: еңбек ақысының жақсы төленуін – 79%, қаржылық тұрақтылықты – 72%, мансаптық өсуді – 67%, жағымды жұмыс атмосферасын және қызықты жұмысты – 61% атап өтті.

Randstad Employer Brand Research-тің жұмыс берушілер рейтингісі жұмыс берушілердің едәуір ауқымды және беделді рейтингісі болып табылады. Ағымдағы жылы оған жаһандық экономиканың 80%-ын құрайтын 34 мемлекет қатысты. 


Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады