Jýsan Bank бөлімшелердегі қауіпсіздік шараларын арттырып жатыр

Jýsan Bank өз клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдады:

  • Кезектерді ұйымдастыру үшін әрбір бөлімшеге кіре беріс алдында белгі дайындалды;
  • Орынжайларда күнделікті дезинфекция жүргізіледі;
  • Антисептикалық құралдар құйылған сыйымдылықтар орнатылған.

Бөлімше қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген және ауру белгілері болған жағдайда жұмысқа жіберілмейді.

ТЖ режимі жағдайында қауіпсіздік жағдайын сақтау үшін үшін клиенттерден келесі ұсыныстарды сақтауды сұраймыз:

  • Банк бөлімшесіне тек маскамен кіру;
  • Басқа клиенттермен және банк қызметкерлерімен ара қашықтықты сақтау-кемінде бір метр;
  • Бөлімше ішінде әрбір қызметкерге бір адам есебінен болу. Біздің қызметкер босаған бойда сізді бірден қызмет көрсетуге шақырады.

Сіз Банк бөлімшелеріне баруды азайту үшін әрқашан Jýsan мобильді қосымшасын және банкоматтар желісін пайдалана аласыз.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына карталарды жеткізу қолжетімді болды.

Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан