S&P капиталдандырудың жақсаруына байланысты Jýsan Bank-тің рейтингісін B/B деңгейіне дейін көтерді; болжам – «Тұрақты»

S&P Global Ratings Jýsan Bank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін "В-" деңгейінен "В" деңгейіне дейін көтерді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингісін "В" деңгейінде растады. Болжам – "Тұрақты". Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша банк рейтингісі "kzBB" деңгейінен "kzBB+" деңгейіне көтерілді.

Агенттіктің хабарлауынша, Jýsan Bank капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қорын жинақтады, бұл оған COVID-19 пандемиясының және мұнай бағасының құлдырауының салдарынан экономикалық өсу қарқынының баяулауы мен операциялық ортаның төмендеуінің әсеріне төтеп беруге мүмкіндік беруі керек.

S&P атап өткендей, Jýsan Bank-тің жаңа басқару командасы өткен кезеңдерде қалыптасқан проблемалық активтердің сапасын қалпына келтіруде және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұруда айтарлықтай табыстарға жетті.

«Jýsan Bank рейтингісін қазіргі жағдайда жоғарылату - бұл ерекше оқиға және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды», - деп Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып агенттіктің шешімін түсіндірді. – Меншікті капитал коэффициенттерінің жеткіліктілігі нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл үлкен жетістік».

S&P банктің тәуекелдіктерді азайтуға бағытталған стратегиясының арқасында өтімділіктің едәуір қорын сақтайтындығын баса айтады. Сонымен қатар, банк депозиттік базаны қалпына келтіре алды: 2019 жылы және 2020 жылдың басында клиенттер салымдарының біртіндеп өсуі байқалды.

«Тұрақты» болжам агенттіктің ағымдағы капитал мөлшері, өтімділіктің едәуір қоры және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұру стратегиясы алдағы 12-18 айда банктің ағымдағы кредиттік тәуекелдік профилін қолдайды деген пікірін көрсетеді.

Банк 2019 қаржы жылын 34 млрд теңге таза пайдамен аяқтады.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады