Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Jýsan Bank бөлімшелердің жұмыс режимі ұзартылды

Бөлімшелер АӘК және ТЖ уақыты кезінде табысынан айырылуға байланысты  әлеуметтік төлемдер алушыларға, зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.
 

 

6 сәуір 2020 ж., Алматы қ.. –6 - 12 сәуір (қоса алғанда) аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Jýsan Bank бөлімшелердің жұмыс режимі ұзартылды. Бөлімшелер демалыссыз  13:00-ден 14:00-ге дейін үзіліспен сағат  9:00-ден 17:00-ге дейін және көрсетілетін қызметтердің шектеулі тізімімен жұмыс істейтін болады.   

Нұр-Сұлтан:

  1. №3 ҚО, Республика даңғ., 21, ВП 7-8, 117-кеңсе;
  2. №162 ҚО, Бейбітшілік к-сі, 43;
  3. №222 БҚО, Тәуелсіздік даңғылы, 32;
  4. №240 БҚО, Достық көшесі, 12, НП 35.

Алматы:

  1. №161 БҚО, Абай даңғ. /Әуезов к-сі, 111/107;
  2. №259 БҚО, Әл-Фараби даңғылы, 15, 4В блогы, «Нұрлы-Тау» БО, 201-каб.;
  3. №253 БҚО, Айнабұлақ-2 шағын ауданы, 71Д, «Белес» СҮ;
  4. №127 БҚО, Мамыр-3 шағын ауданы, 23.

Бөлімшелер зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемдер алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ осы санаттағы тұлғалар үшін өзге де қызметтер көрсету үшін жұмыс істейді.

Көрсетілетін қызметтердің негізгі тізімі:

Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлем алу үшін карталар мен арнайы шоттар ашу (42 500 теңге);

Карталар мен арнайы шоттардан ақша қаражатын алу;

Арнайы шоттан картаға және депозитке аудару;

Зейнетақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті және мемлекеттің әлеуметтік төлемдерін төлеуге байланысты өзге де операциялар.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары Jýsan мобильді қосымшасы арқылы карталарды жеткізуге тегін тапсырыс бере алады.

Jýsan Bank бөлімшелерінің жұмысын шектеу кезінде барлық негізгі сервистер мен қашықтан қызмет көрсету арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді – карталарға жалақы есептеу және алу, төлем және аударым операцияларын жүзеге асыру, мобильді және интернет-банкинг жүйелері.

Төлем карталары бойынша қызметтер толық көлемде ұсынылады – POS-терминалдар арқылы төлемдер, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, аударымдар және басқа да қызметтер.

Қажетті операцияларды жүргізу үшін клиенттер әрқашан төмендегілерді пайдалана алады:

Жеке тұлғалар – Jýsan мобильді қосымшасы;

Заңды тұлғалар – қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі .

Басқа қалалардағы Jýsan Bank бөлімшелерінің басым көпшілігі жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсетеді. Сауда орталықтарында, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасқан немесе карантинге байланысты енгізілген шектеулерге байланысты кейбір бөлімшелер жабылды. Басқа қалалардағы бөлімшелер жұмысының өзекті режимі.

ТЖ уақытындағы банк жұмысы туралы толық ақпарат.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады