«First Heartland Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

«First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) өз құрметін білдіреді және жұмысыңызға табыс тілейді.

Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан Банк Басқармасы 08.05.2019 ж. Банктің Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (No08/05/19-01 хаттама) Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының өтетін күнін 2019 жылдың 15 мамырынан 2019 жылдың 20 мамырына өзгертілетіні жөнінде хабарлайды.

Жиналыс 2019 жылдың 20 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Жиналыс Банк Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі Банк Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1) «First Heartland Bank» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылуы және акционерлердің бірлескен жалпы жиналысына шығару туралы;

2) Акцияларды айырбастау коэффициентін «First Heartland Bank» АҚ және «Цеснабанк» АҚ акционерлердің бірлескен жалпы жиналысына шығару және мақұлдау жөнінде;

3) «First Heartland Bank» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылу туралы Шартты «First Heartland Bank» АҚ және «Цеснабанк» АҚ акционерлердің бірлескен жалпы жиналысына шығару және мақұлдау жөнінде.

Кворум болмаған жағдайда Банк акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2019 жылдың 21 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні - 2019 жылғы 15 сәуір (00 сағат 00 минут).

Күн тәртібіндегі мәселелермен танысу үшін материалдарды мына мекенжайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24, 1011-кабинет.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 1 (Бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының басталуына дейін 15 (Он бес) минут қалғанда аяқталады.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан

Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді.

Өтініш нысаны «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: Өтініш (қаз.)

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан