«First Heartland Jýsan Bank» АҚ және «First Heartland Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

«First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамы өз құрметін білдіреді және жұмысыңызға табыс тілейді.

Қазақстан Республикасы, Z05K7B0, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан Банк Басқармасы 08.05.2019 ж. Банктің Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (No08/05/19-01 хаттама) «First Heartland Jýsan Bank» АҚ және «First Heartland Bank» АҚ акционерлерінің бірлескен Жалпы жиналысының (бұдан әрі – бірлескен АЖЖ) өтетін күні 2019 жылдың 15 мамырынан 2019 жылдың 30 мамырына өзгертілетіні жөнінде хабарлайды.

Бірлескен АЖЖ 2019 жылдың 30 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Бірлескен АЖЖ «First Heartland Jýsan Bank» АҚ және «First Heartland Bank» АҚ Банк Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Бірлескен АЖЖ күн тәртібі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ және «First Heartland Bank» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1) «First Heartland Bank» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылуы туралы;

2) Акцияларды айырбастау коэффициентін мақұлдау жөнінде;

3) «First Heartland Bank» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-қа қосылу туралы Шартты мақұлдау жөнінде.

Бірлескен АЖЖ қатысуға және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні - 2019 жылғы 15 сәуір (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24, 1011-кабинет.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 1 (Бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу бірлескен АЖЖ басталуына дейін 15 (Он бес) минут қалғанда аяқталады.

Кворум болмаған жағдайда қайталама бірлескен АЖЖ 2019 жылдың «31» мамырында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 24.

Бірлескен АЖЖ өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді.

Өтініш нысаны «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: Өтініш (қаз.)

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан