Jýsan Bank кәсіпкерлер үшін смартфондағы POS-терминалды іске қосты

9 ақпан 2021 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank смартфон көмегімен байланыссыз төлемдер қабылдауға мүмкіндік беретін JPAY мобильді қосымшасын іске қосты.

JPAY қосымшасы – бұл жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шағын бизнеске арналған, қосымша жабдықсыз дәстүрлі POS-терминалды қарапайым смартфонмен толық ауыстыруға мүмкіндік беретін ыңғайлы төлем шешімі. 

«Смартфондар Apple Pay және Samsung Pay технологияларының арқасында біртіндеп байланыс құралынан төлем құралына айналды. Біз осы шеңберді түйістіріп, кәсіпкерлерге төлемдерді смартфондармен қабылдау мүмкіндігін ұсынуға шешім қабылдадық», – дейді Jýsan Bank  басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов.

JPAY төлемгекез келген банктердің Visa және Mastercard байланыссыз карталарын, сондай-ақ смартфондар мен өзімен бірге алып жүретін құрылғылар – смарт сағаттар мен браслеттер арқылы Apple Pay және Samsung Pay сервистерінің көмегімен төлемдер қабылдайды.

JPAY-ді пайдалану үшін NFC-модулі және интернетке қолжетімділігі бар Android операциялық жүйесінің негізіндегі (6.0 және одан жоғары нұсқалар)  ең қарапайым смартфон жарайды. Қосымшаның интерфейсі төлемді оңай және жылдам қабылдауға мүмкіндік береді, ал қосымша функционалы электронды чекті төлемнен кейін бірден жіберуге, операциялар бойынша толық ақпаратты жүктеуге, қажет жағдайда төлемді қайтаруға мүмкіндік береді. 

«JPAY қосымшасы жеткізу, такси қызметтеріне және курьерлерге, шағын дүкендер мен сауда нүктелеріне, оның ішінде базарлардағы сауда нүктелеріне өте қолайлы болады, – дейді Мирас Шайхысламов. – Коммерсантқа қосымша жабдық сатып алудың керегі жоқ, қосымша оның барлық шығыстарын азайтады, сондай-ақ оны едәуір мобильді етеді. Төлемге төлем карталарын қабылдау – бұл тек заңнамалық талап қана емес, ең алдымен, ол біздің клиенттерімізге арналған ыңғайлы және қауіпсіз сервис».

JPAY микро және шағын бизнестегі қолма-қол ақшасыз төлемдерді заңды түрде қабылдау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді, кез келген банктердің карталарын төлемге қабылдай отырып клиенттік базаны ұлғайтуға мүмкіндік береді және ең бастысы – клиенттердің карталарына қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды барынша азайтады. 

Байланыссыз төлемдерді қабылдауды бастау өте оңай, ол үшін: Jýsan Bank-те шот ашу, банк бөлімшесінде шарт жасасу, Play Market-тен өз смартфонына JPAY қосымшасын орнату және тіркеуден өту керек. 

JPAY қосымшасы туралы ақпаратпен толық танысуға, сондай-ақ қосылуға өтінішті осында қалдыруға болады. 

 


Анықтама үшін:

 «First Heartland Jýsan Bank» АҚ  қазақстандық қаржы нарығында 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Jýsan Bank («Жусан Банк») Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 100 бөлімшелермен ұсынылған. 

Jýsan Bank банктік сервистерден басқа сақтандыру және брокерлік қызметтер алуға, сондай-ақ Jmart маркетплейсіне қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін өзіндік экожүйе құрып жатыр. Банк клиенттерге, жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, оның ішінде ағымдағы шоттарды ашу мен қызмет көрсетуді, халықаралық төлем карталарын ашуды, кредит беруді, депозиттер мен Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдарын жасауды ұсынады.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады