Moody’s Jusan Bank-ке «тұрақты» болжамымен B1 деңгейінде жоғары рейтингтер белгіледі

2021 жылғы 9 маусымда Moody's Investors Service халықаралық агенттігі  «First Heartland Jusan Bank»  АҚ-қа (Jusan Bank)  ұлттық және шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерді (Jusan Bank)  В1 деңгейінде белгіледі. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».  

Moody's рейтингтер өтімді активтердің жоғары деңгейін және банктің мықты капитал базасын айқындайтынын атап өтті,  ал  капиталдың жеткіліктілік коэффиценті реттегіш минимумнан 36% асып түседі. Осылайша, өтімді активтердің қоры жиынтықты шоғырландырылған активтерден шамамен 60% құрайды, ал тәуекелді ескере отырып өлшенген активтерге капиталдың қатынасы шамамен 29% құрайды, бұл реттегіш минимумнан 4 еседей артық. Сонымен қатар, рейтингтер АТФБанктің қосылғанын ескере отырып, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  активтер бойынша нарықтағы шамамен 9%  құрайтын үлесімен Jusan Bank-тің Қазақстанның банктік секторындағы елеулі орнын айқындап көрсетеді.  

«Moody's агенттігінің рейтингтері екі негізгі фактордың арқасында мүмкін болған  Jusan Bank-тің ағымдағы мықты қаржылық позицияларына берілген объективті баға болып табылады. Біріншіден, Цеснабанктен мұраға қалған проблемалық портфельді мерзімі кешіктірілген берешекті сотта өндіру, әлеуетті жұмыс жасайтын активтерді қайта құрылымдау және басқа банктердің кредиттік портфельді қайта қаржыландыру жолымен қалпына келтіру бойынша орасан зор жұмыс атқардық. Алаяқтық белгісі бар барлық кредит бойынша құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазылды.  

Екіншіден, Jusan Bank-тің жаңа даму стратегиясын алға жылжыту аясында біз үш технологиялық платформалар - Jusan Retail, Jusan Business және Jusan Private Banking платформалары негізінде цифрлық қаржы сервистерінің экожүйесін қалыптастырдық, – дейді Jusan Bank  басқармасының төрағасы Айбек Қайып. – Осылайша, бар-жоғы бір жыл ішінде Jusan суперқосымшасын жүктеу саны бір миллионнан асып түсті. Жарты миллионнан астам белсенді пайдаланушылар қолданатын, күн сайын сұранысы артып келе жатқан Jusan қосымшасына 200 мыңнан астам тауарлық атаулар мен қызметтерді қамтитын Jmart маркетплейсі, Jusan Инвестициялар атты бірегей сервис, Jusan Сақтандыру және Jusan Mobilе мобильді оператор қызметтері кіреді.  Өз кезегінде, АТФБанк қосылғаннан кейін Jusan Bank-тегі саны көбейетін Jusan Business атты жаңа интернет-банкингтің ыңғайлы цифрлық шешімдерін алған ШОБ клиенттерінің саны 140 мыңнан асатын болады.  Jusan Инвестицияларға келер болсақ, тек осы сервистің клиенттерінің саны 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты.  

Банк ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесінде осы іс-шаралар клиенттік база мен пайданың елеулі түрде өсуіне ықпал етіп,  қызметтің жоғары қаржылық және бизнес көрсеткіштерін қамтамасыз етті».

Бүгінгі таңда Jusan Bank-тің пруденциалдық нормативтері Реттегіш  белгілеген минималды талаптардан айтарлықтай жоғары және үлкен орнықтылық қорына ие: ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Jusan Bank-тегі капиталдың жеткіліктілік коэффиценті (k1) белгіленген нормативтен 4 еседей артумен  31,5% құрады, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) белгіленген нормативтен 13 еседей асып түсіп, 399,8% құрады.

Moody’s аналитиктерінің пікірінше, рейтинг бойынша «тұрақты» болжамы келесі 12-18 ай ішінде үлкен өтімділіктің және капиталдың жоғары жеткіліктілігінің болуына байланысты Jusan Bank-тің жоғары кредиттік қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетеді.    

Рейтингті құрастыру кезінде агенттіктің пікірі Jusan Bank қызметінің негізгі ағымдағы көрсеткіштерін кешенді түрде бағалауға негізделді, сонымен қатар нәтижесінде ағымдағы жылдың соңына дейін Jusan Bank активтер бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіретіні күтілетін АТФБанктің қосылуы бойынша ағымдағы оқиғалар есепке алынды.

 

Байланыс үшін:
Jusan Bank және АТФБанк баспасөз қызметі
Тел.: +7 (701) 77 11543
E-mail: pr@atfbank.kz

 

 


Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады