Jusan Bank Жамбыл облысындағы жарылыстардан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

09 қыркүйек 2021 ж., Алматы - Jusan Bank тарапынан бөлінген қаржылай көмек жақын күндері Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жойқын жарылыстан зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қаражат жинау үшін арнайы құрылған "Сенім-Байзақ" қоғамдық қорына аударылмақ. 

"Орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Әскерилер және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көз жұмды, біразы жарақат алды, аудан тұрғындары зардап шегіп, тұрғын үйлер және коммерациялық ғимараттар, мектептер зақымдалды. Отандастырымыз қиын жағдайға тап болды. Сондықтан біз Jusan Bank-тің атынан қол ұшын созып, көмек беруге дайынбыз", – деді Jusan Bank басқармасының төрағасы Айбек Қайып. 

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі келтірілген залалды есептеуді аяқтап жатыр. Арнайы ашылған "Сенім-Байзақ" қоғамдық қайырымдылық қорына жиналған қаражаттан зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмегі берілетін болады. 

"Біз қайғылы оқиға болған күннен бастап шет қалмай, азық-түлік, гигиеналық заттар және бірінші кезекте қажет болуы мүмкін басқа да тауарлар түрінде гуманитарлық көмек көрсеткен Jusan Bank-тің Жамбыл филиалының барлық қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз”, – дейді Жамбыл облысы  Байзақ ауданының әкімі Б. Қазанбасов. 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады