Jýsan Bank басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

10 тамыз 2020 ж., Алматы. – Денис Середенко  Jýsan Bank  басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. Ол ақпараттық технологиялар блогына жетекшілік ететін болады. 

Денис Владимирович Середенко И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін тәмамдаған. 

Банктік ақпараттық технологиялар, қызмет көрсетудің электронды каналдарын және инновацияларды дамыту саласындағы сарапшы болып табылады. Пәндік салаларда, бөлшек және корпоративтік электрондық қызмет көрсету арналарында банктік өнімдер, IT архитектурасы мен стратегиясын құрастырудың, интернет- және мобильді банкинг, банкоматтар, POS-терминалдар, процессингтік жүйелер, карточкалық кредиттік өнімдер құрастырудың толық циклы, халықаралық және ұлттық төлем жүйелерімен өзара әрекеттесу саласында үлкен практикалық тәжірибесі бар.

Мәскеу Банкінде (Ресей), Альянс Банкте (Қазақстан), Сбербанкте (Ресей) басқарушы позицияларда болған. Jýsan Bank-ке келер алдында Плюс Банкте (Ресей) басқарушы директор, басқарма мүшесі лауазымында жұмыс атқарған.  

Байланыс үшін:
Jýsan Bank баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215
E-mail: s.chikin@jysanbank.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады