Мақсат Сайлыбаев Jýsan Bank басқарма мүшесі болып сайланды

10 қыркүйек 2020 ж., Алматы. – Мақсат Сайлыбаев Директорлар Кеңесінің шешімімен Jýsan Bank басқармасының мүшесі болып сайланды. Тәуекелдіктерді басқару блогына жетекшілік етеді.

Сайлыбаев Мақсат Боранбайұлы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (НарХоз), сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі жанындағы МВА бағдарламасы бойынша магистратураны тәмамдаған. 

Тәуекелдіктерді, өтімділікті және кредиттік портфель сапасын басқару, стресс-тестілеуді өткізу, инвесторлармен және рейтинг агенттіктерімен іс-қимыл жасау саласында үлкен практикалық тәжірибесі бар. ХҚЕС және Basel III стандарттары, исламдық қаржыландыру жөніндегі маман.

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерде тәуекелдік менеджменті бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істеген.Jýsan Bank-ке  басқарушы директор позициясына келді.

Байланыстар үшін:
Jýsan Bank баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөм. 1215
E-mail: s.chikin@jysanbank.kz 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады