Цеснабанк ШОБ кәсіпкерлеріне арналған тиімді акциялар ұсынады.

2019 жылдың 1 маусымына дейін қазақстандық кәсіпкерлер Цеснабанктің «Табыс кепілі» акциясын – комиссиясыз және ең аз құжаттар тізбесімен өтелген банктік кепілдіктерді жедел шығару қызметін пайдалана алады. Қызмет филиалдық желінің 120 бөлімшелерінің кез келгенінде қолжетімді.

Сондай-ақ Цеснабанк клиенттеріне банктік кепілдіктердің барлық түрлерін – тендерлік және төлем кепілдіктері, жылжымайтын мүлік, ақша, ағымдағы шоттағы айналым кепілімен және кепілсіз кепілдіктер ұсынады. Цеснабанк ұсынатын кепілдіктердің артықшылығы, Банк ынтымақтастық тәжірибесін талап етпейді, яғни аталған талаптар жаңа клиенттерге де қолжетімді. Шарттың немесе тендердің талаптарына байланысты клиент кепілдік валютасын таңдай алады: теңге, АҚШ доллары, еуро немесе ресей рублі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының компаниялар тобының жеткізушілері – клиенттер үшін Банк талаптарға сәйкес келетін электрондық кепілдіктер шығарады.

Цеснабанк кәсіпкерлерді арнайы талаптары бар бәсекеге қабілетті банктік өнімдерді алуға мүкіндік беретін ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақырады. Толық ақпарат www.tsb.kz сайтында, 7711 телефоны арқылы және Банк филиалдарының кредиттік бөлімшелерінде.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан