Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Jýsan Bank бөлімшелері шектеулі режимде жұмыс істеп жатыр

Банк қызметтерін зейнеткерлер, АӘК алушылар және төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік төлем алушылар пайдалана алады

11 сәуір 2020 ж., Алматы қ. – Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы Jýsan Bank бөлімшшелері 19 сәуірге дейін (қоса алғанда) жұмысын шектеулі режимде жалғастыратын болады. Бөлімшелер демалыссыз 9:00-ден 17:00-ге дейін және көрсетілетін қызметтерінің шектеулі тізімімен жұмыс істейтін болады.

Нұр-Сұлтан :

1.№3 ҚО, Республика д-лы, 21, ВП 7-8, 117-кеңсе;

2.№162 ҚО, Бейбітшілік к-сі, 43;

3.№222 БҚО, Тәуелсіздік д-лы, 32;

4.№240 БҚО, Достық к-сі, 12, НП 35.

Алматы:

1.№161 БҚО, Абай/Әуезов д-лы, 111/107;

2.№259 БҚО, Әл-Фараби д-лы, 15, 4В блогы, «Нұрлы-Тау» БО, 201-каб.;

3.№253 БҚО, Айнабұлақ-2 ы/ауд., 71Д, «Белес» СО;

4.№127 БҚО, Мамыр-3 ы/ауд., 23.

Бөлімшелер зейнетақы төлемдерін, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алатын жеке тұлғаларға, сондай-ақ осы санаттағы тұлғалар үшін басқа да қызметтерді көрсету үшін жұмыс істейді.

Көрсетілетін қызметтердің негізгі тізімі:

төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алу үшін карталар мен арнайы шоттар ашу (42 500 теңге);

карталар мен арнайы шоттардан ақшалай қаражат алу;

арнайы шоттан карта мен депозитке ақша аудару;

зейнетақы төлемдері, атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік әлеуметтік төлемдер бойынша төлем жүргізуге байланысты басқа да операциялар.

Jýsan Bank-тің басқа қалалардағы бөлімшелерінің басым көпшілігі жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді және банктік қызметтердің толық тізімін көрсетеді. Карантинге орай енгізілген шектеулерге байланысты сауда орталықтарында және мемлекеттік мекемелер ғиматттарында орналасқан кейбір бөлімшелер жабылды немесе жұмыс уақытын қысқартты. Басқа қалалардағы бөлімшелердің ағымдағы жұмыс режимі

Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары Jýsan мобильді қосымшасы арқылы карталарды тегін жеткізуге тапсырыс бере алатынын естеріңізге саламыз.

Бөлімшелерінің жұмыс режимінің шектелуі уақытында Jýsan Bank барлық негізгі қызметтер мен қашықтықтан қызмет көрсету арналарының жұмысын қамтамсыз етеді – карталарға жалақыны есепке алу және алу, мобильді және интернет-банкинг жүйелері арқылы төлем және ақша аударымы операцияларын жүзеге асыру.

Төлем карталары бойынша барлық қызметтер толық көлемде ұсынылады - POS-терминалдар арқылы төлемдер, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, интернет-төлемдер, ақша аударымдары және басқа қызметтер.

Қажетті операцияларды жүргізу үшін клиенттер әрдайым төмендегілерді қолдана алады:

Жеке тұлғалар– Jýsan мобильді қосымшасы;

Заңды тұлғалар–қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі.

ТЖ әрекет ету кезеңіндегі Банк жұмысы туралы толық ақпарат.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
13 июля – день общенационального траура в Республике Казахстан