«Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Jýsan Bank» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Jýsan Bank» АҚ) Басқармасы «Jýsan Bank» АҚ акционерлеріне 2021 жылдың 16 наурызында  Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де «Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: 
Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй .

Жиналыс «Jýsan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jýsan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1.  «First Heartland Bank» АҚ  акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2. «АТФБанк»  АҚ-тың  «Jýsan Bank»  АҚ-қа қосылуы туралы және осы мәселені акционерлердің біолескен жалпы жиналысына шығару туралы;

3. «АТФБанк»  АҚ-тың  «Jýsan Bank»  АҚ-қа қосылуы туралы шартты мақұлдау және «АТФБанк»  АҚ пен «Jýsan Bank»  АҚ акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына шығару. 

«Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау - 2021 жылғы 12 ақпан (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242, 462-кабинет.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу жиналыс басталуға 30 (отыз) минут қалғанда жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы басталуға 10 (он) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда «Jýsan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2021 жылдың «17» наурызында  Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jýsan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт болуы, ал сенім білдірілген тұлғаларда дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады