«Jýsan Bank» АҚ және «АТФБанк» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, А26F8T9, Алматы қаласы, Н. Назарбаев д-лы, 242 мекенжайы бойынша орналасқан «Jýsan Bank» акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – «Jýsan Bank» АҚ) «Jýsan Bank» АҚ және «АТФБанк» акционерлеріне 2021 жылдың 16 наурызында Алматы  қаласы уақыты бойынша сағат 11.00-де «Jýsan Bank» АҚ және «АТФБанк» акционерлерінің бірлескен Жалпы жиналысының (бұдан әрі – бірлескен АЖЖ) мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс «Jýsan Bank»АҚ және «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. 

Бірлескен АЖЖ күн тәртібі «Jýsan Bank»АҚ және «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

  1. «Jýsan Bank» АҚ және «АТФБанк» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. «Jýsan Bank»АҚ және «АТФБанк» АҚ -қа қосылуы туралы;
  3. «Jýsan Bank»АҚ және «АТФБанк» АҚ -қа қосылу туралы Шартты мақұлдау жөнінде.

          Бірлескен АЖЖ қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні - 2021 жылғы 12 ақпан (00 сағат 00 минут).

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан алуларына болады: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-кабинет.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу жиналыс басталуға 30  (отыз минут) минут қалғанда жүргізіледі.

Бірлескен АЖЖ қатысушыларды тіркеу бірлескен АЖЖ басталуына дейін 10 (он) минут қалғанда аяқталады. 

Кворум болмаған жағдайда бірлескен АЖЖ қайталама бірлескен АЖЖ 2021 жылдың «17» наурызында Алматы  қаласы уақыты бойынша сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Бірлескен АЖЖ өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны Jýsan Bank АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады