Құрметті клиенттер!
Jýsan Bank Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 қаулысының шеңберінде экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ-тың қолданыстағы кредиттерін субсидиялау бағдарламасына қатысады.
Субсидиялау шарттары:
- Субсидиялауға 31.08.2020 жылға дейін берілген кредиттер, сондай-ақ 31.08.2020 жылға дейін мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредиттік қаражаттар жатады.
- Субсидиялау мерзімі 12 ай (2020 жылға 16 наурыздан 2021 жылға 15 наурызға дейін);
- Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі– 6%;
- Мақсатты тобы– Қосымшаға* сәйкес, экономиканың едәуір көп зардап шеккен секторларындағы ШОБ (экономиканың 29 секторы);
- 16.03.2020 жылғы жағдай бойынша негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 180 күннен артық мерзімі кешіктірілген берешегі бар кредиттер субсидиялауға жатпайды.
* Экономиканың едәуір көп зардап шеккен секторларының тізімі
Бағдарламаға қатысу үшін 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін банк бөлімшесінде субсидиялар алуға өтініш беру керек.
Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 25 25 (қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін); 7711 (мобильді телефоннан тегін) телефондары бойынша хабарласыңыз.
Сіздің Jýsan Bank