Jýsan Bank 42 500 теңге төлемді алуға арналған карталардың тегін жеткізілімін іске қосты

14 сәуір 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank ТЖ режимінің енгізілуі нәтижесінде табысынан айырылғандарға өтемақы төлеу бойынша 42 500 теңге мөлшерде жәрдемақы алуға арналған әлеуметтік карталардың тегін жеткізілімі сервисін іске қосты. 

Қызмет  әзірше қатаң карантин шаралары әрекет ететін және бөлімшелердің жұмысы шектелген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді. Жеткізілімге Jýsan мобильді қосымшасында тапсырыс беруге болады.

Әлеуметтік картаны тегін ашу және жеткізуден басқа, банк бір жыл тегін қызмет көрсету және Қазақстан бойынша кез келген банкоматтан комиссиясыз айына 300 мың теңгеге дейін ақша алу мүмкіндігін ұсынады. Оған қоса, картамен қолма-қол ақшасыз төлеген кезде 1,3%  кэшбэк алуға болады. 

«Бүгінгі таңда табысынан айырылуына байланысты төлемдер алу үшін банк бөлімшелері алдында  кезек қалыптасуда. Ыңғайсыздығынан бұрын, қазіргі карантин жағдайында бұл өте қауіпті. Дәл осы себепті Jýsan Bank ыңғайлы сервисті іске қосты, ал біздің курьерлер Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша карталарды жеткізетін болады. Қызметті банкіміздің бұрыннан қызмет көрсетілетін клиенттері де, жаңа клиенттері де пайдалана алады», – деп Jýsan Bank-тің басқарушы директоры Лариса Белова атап өтті. 

Карталар жеткізілімі жұмыс күндері, тапсырыс бергеннен кейінгі күні сағ. 10.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Картаның қауіпсіз жеткізілімін жүзеге асыру үшін біздің курьерлеріміз барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен жабдықталған.  

Мобильді телефон нөміріне мобильді қосымшада картаны активациялау мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түскеннен кейін бірден картаны пайдалануға болады.

Jýsan Bank-тің әлеуметтік картасына үйге тегін жеткізіліммен қалай тапсырыс беруге болады:

  1. Android немесе iOS үшін  Jýsan мобильді қосымшасын жүктеу;
  2. Тіркеуден өту;
  3. Әлеуметтік картаны таңдау және тапсырыс беру;
  4. Картаны алу әдісі ретінде жеткізілімді таңдау және мекенжайды көрсету.

 

 

Бұрын банк Jýsan Pay мультивалюталық карталарының жеткізілімін іске қосқан болатын.

Жақын арада карталарды сол мезетте шығару қызметі жүзеге асырылады. Жаңалықтарды қарап отырыңыздар. 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады