Шығару туралы ақпарат

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 Қаулысы күшіне енетінін хабарлаймыз, осы Қаулының 29-тармағында төмендегідей талап қарастырылған:

«Қолма-қол ақшаны заңды тұлға клиентке беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға клиент ұсынған қолма-қол ақша алуға арналған өтінім бойынша банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».

Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа байланысты, қызметін заңды тұлға формасында жүзеге асыратын клиенттерден 2020 жылдың ақпан айынан бастап теңгедегі және шетел валютасындағы банктік шотттан қолма-қол ақша алу үшін қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей қолма-қол ақша алуға арналған өтінішті Банкке ұсынуды сұраймыз. Қолма-қол ақша алуға арналған өтінішті жазбаша/электронды түрде/ауызша түрде жіберуді сұраймыз.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады