Jýsan Bank Фиксиктер бейнесі бейнеленген балалар карталарын шығарды

5 қаңтар 2020 ж., Алматы қ. – Jýsan Bank ең кішкентай пайдаланушыларға арнап, танымал мультипликациялық сериалдың "Фиксики" кейіпкерлерімен мультивалюталық карталарды шығара бастады. Сондай-ақ, тек балалардың қолдануына арналған арнайы Jýsan Junior мобильді қосымшасы іске қосылды.

Мультивалюталық шоты бар балалар картасы 5-16 жас аралығындағы балаларға қолжетімді. Аталмыш картаның шығарылымы ата-анамен бірге жүзеге асырылады. Демек, ересек адам баланың картасын өзінің жеке шотына байланыстыра отырып, баланың шығындарын бақылап, колма-қол ақшасыз сатылымдарға лимиттерді белгілеумен мобильді қосымшада орындалған тапсырма үшін сыйақы беру секілді артықшылықтармен ерекшеленеді.

"Балалар картасы сәбиге жеке ақша қаражатын өз бетімен Jýsan Junior мобильді қосымшасы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Айтпақшы, бұл біз – ересектер үйреніп қалған – коммуналдық, кредит және салық төлемдерінен түбегейлі айырмашылығы бар. Онда біз танымдық, ойын-сауық интерфейсіне мән бердік. Мобильді қосымшада ойын элементтері көбірек, таныстармен хат алмасу мен достарыңды шақыру алаңы жүктелген. Сонымен қатар, бұл карта баланың жақсы оқуына және жақсы жетістіктерге жетуіне көмектесетін қосымша ретінде ыңғайлы құрал. Бүгінгі таңда ата-аналар мен балалардың көбісі қолма-қол ақшадан гөрі, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қалайды", – деді Лариса Белова, Jýsan Bank басқарушы директоры.

 

та-аналар тарапынан жасалған ақшалай сыйдан басқа, бала банктен қосымша ынталандыруға қол жеткізе алады. Jýsan Junior қосымшасында тіркелген тестілер мен тапсырмалар, сәбидің тек қаржылық сауаттылығын арттырумен және оны тексерумен ғана шектелмей, өзінің алғашқы бонустарын табуға көмектеседі.

Карта ұстаушыларына әрбір қолма-қол ақшасыз транзакциялардан 1,3% есебінде кэшбэк, сондай-ақ жоғары кэшбэк 2% мөлшерінде түседі. Балалар картасы сәбиге өзінің алғашқы кэшбэк-төлемдерін ақшалай алуға көмектеседі. Демек, айына 500 теңгеден бастап 15 000 теңгеге дейін алу мүмкіндігі бар.

"Бұрын ата-аналар баланың пайдалануы үшін арнайы өз атына тіркелген екінші банк картасын ашатын, бірақ ол ыңғайлы бола қоймады, мысалы, дүкенде жеке куәлік құжаттарын сұрағанда, ондағы тұлғаның аты картадағы есіммен сәйкес келуі тиіс еді. Біздің карта атаулы болып табылады, онда нақты ұстаушының есімі жазылған. Баланы қаржы сауаттылығына кішкентай кезінен бастап үйрету керек, үлкен өмірге келгенде бала өз ақшасын тиімді басқаруға дайын бола алады", – деп атап өтті Лариса Белова.

"Фиксики" атты мультипликациялық сериалдағы Нолик, Симка, Жучка және Кусачка кейіпкерлерімен банк карталарына тапсырыс беру Jýsan мобильді қосымшасында қолжетімді. Ата-ана қолданыста болатын өзінің дебеттік төлем картасы арқылы немесе Jýsan Junior мобильді қосымшасына тіркелу арқылы жаңа балалар картасына тапсырыс бере болады. Сондай-ақ картаны дәстүрлі тәсілмен банк бөлімшесінен де ашуға болады. Ол үшін өзімен бірге баланың жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты болуы, сондай-ақ ата-анасының/қамқоршысының жеке куәлігі қажет.

"Фиксики" картасының жылдық қызмет көрсету құны бірінші жылы 0 теңге және әрбір келесі жылы 600 теңгені құрайды. Jýsan Junior балалар мобильді қосымшасы Android арқылы қолжетімді. Таяу уақытта мобильді қосымшаны IOS сервисінен орнатуға болады.
 

Анықтама:

 

First Heartland Jýsan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Jýsan Bank-тің (Жусан Банк) 120 бөлімшелері Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жұмыс істейді.

Jýsan Bank өзінің клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, соның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу және қызмет көрсету, кредиттеу, депозит ашу және Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдары қызметтерін ұсынады.

 

2019 жылдың 6 ақпанында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі "First Heartland Securities" АҚ банктің 99.8% жай акцияларын сатып алды, кейіннен жаңа даму стратегиясы қабылданып, Jýsan Bank ребрендингі жүргізілді (бекітілген қазақша латын әліпбиінде «Jýsan Bank»).

 

2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jýsan Bank) рейтингісі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне көтерді, эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін «В-/В» деңгейінде растады. Сонымен қатар, банктің рейтингісі қазақстандық ұлттық шкала бойынша «kzBB-» деңгейінен «kzBB» деңгейіне дейін көтерілді.

 

Байланыс үшін:
Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 331-26-00 ішкі нөмірі 1924
E-mail: pr@jysanbank.kz

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады