«Цеснабанк» АҚ толық сауықты!

2019 жылы 6 ақпанда «First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі – FHS) «Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жай акцияларының 99, 5%-ын сатып алу бойынша мәміле шеңберіндегі өз міндеттемелеріне сәйкес 70 млрд. теңге мөлшерінде Банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

Осылайша, қабылданған шаралар:

  • банкті толық сауықтыруға, ағымдағы және ұзақ мерзімді өтімділік мәселелерін шешуге;
  • «Цеснабанк» АҚ клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерді толық көлемде орындауға;
  • «Цеснабанк» АҚ салымшылары қаражаттарының сенімділігі мен сақталуын қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтері мен талаптарын толық орындауға мүмкіндік беріп отыр.

«Бүгінгі күні банктің заңды, сонымен қатар жеке тұлға депозиторлар, салымшылар алдындағы өзінің барлық міндеттемелерін орындауына қажетті өтімділік қоры жеткілікті», - деп «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы Бекжан Пирматов пікірімен бөлісті.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады