Директорлар Кеңесінің Төрағасы Шигео Катсудың жолдауы

Құрметті клиенттер,

Назарбаев Университетінің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің эндаумент қорларының атынан «Цеснабанк» АҚ-тың жаңа акционерлері ретінде сіздерге арнап сөз сөйлеу мен үшін үлкен құрмет және ізет деп білемін.

Сіздердің көп жылдардан бері Цеснабанкті Қазақстанның жетекші қаржы мекемелерінің біріне айналдыруға көмектескен адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер. Банк Қазақстанның дамуына ықпалын тигізген өзінің бірегей дәстүрлері мен елеулі жобаларының негізінде құрылған.

Уақыт біздің алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр, бүгінгі күні Цеснабанк өз дамуының жаңа сатысын бастады. Қалыптасқан дәстүрлерді дамудың жаңа стратегиясымен біріктіре отырып, біз клиенттер сенетін таңдаулы банк болуға ниеттенеміз.

Біз өзіміздің клиенттеріміздің алдындағы барлық міндеттемелерімізді толық орындауды және сіздердің қаражаттарыңыздың қауіпсіздігі мен сақталуына кепілдік беруді жалғастырамыз.

Сенім, қауіпсіздік және ашықтық – бұл біздің барлық жұмысымызда басшылыққа алатын негізгі құндылықтарымыз болып табылады.

Біздің клиентіміз ретінде Сіздер үнемі Банктің негізгі басымдығына иесіздер.

Біз сіздермен бірлесе отырып, заманға сай дамыған қаржы институтын бірге құра аламыз деп сенеміз. Осыған орай, мен сіздерді Цеснабанктің жаңа Басқарма Төрағасы Бекжан Пирматов мырзамен таныстырғым келеді. Пирматов мырза – жобалық және корпоративтік қаржы, саудадағы қаржыландыру және жобаларды бағалау саласында айрықша білімі бар, корпоративтік және бөлшек банктік қызметтер көрсету саласындағы тәжірибесі 15 жылдан астам, біліктілігі жоғары маман.

Бүгінгі хат арқылы мен Сіздерді құттықтай отырып, Басқарма Төрағасы Бекжан Пирматовты таныстырғым келеді. Алдағы уақытта болатын маңызды оқиғалар және кез келген өзгерістер жайлы сіздерге хабарлап отырамыз. Сонымен қатар, біз Цеснабанктағы өзгерістерге байланысты кез келген мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, хабарласуыңызға болатын client@tsb.kz электрондық поштасының есептік жазбасын жасадық. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!

Құрметпен,

Шигео Катсу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады