«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының жаңа құрамы белгіленді

2019 жылдың 7 ақпанында «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің есімдері белгілі болды.

Бұрын хабарланғандай «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарады. Катсу мырза - Назарбаев Университетінің Президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептері Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы және Шигео Катсу Назарбаев Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті болып табылады. Одан бұрын, Катсу мырза 30 жылдық қызметі барысында Дүниежүзілік банкте Шығыс Еуропа және Африка елдерінің банктік жүйесінің институционалды реформалары және қайту жаңартылуы бойынша жауапкершілік жүктелген басшылық лауазымдарында қызмет атқарып, Қытай нарықтық банкингі негізін қалыптастыруға үлесін қосқан.

Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамына Евгений Пан қосылды. Евгений Пан мырзаның инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол зейнетақы қорларында, брокерлік және инвестициялық компанияларда басшылық лауазымдарда, соның ішінде First Heartland Securities Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарған.

Сондай-ақ Директорлар кеңесінің құрамына Даулет Кабылбаев қосылды.

«Цеснабанк» АҚ Басқармасын Бекжан Пирматов басқарады. Пирматов мырза бұдан бұрын «First Heartland Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Бекжан Пирматов банк саласында 2004 жылдан бері жұмыс істейді, ол ірі шетелдік және қазақстандық банктерде, соның ішінде «HSBC Bank Kazakhstan», Еуропа қайта құру және даму банкі, «Банк Каспийский банкі», «ТұранӘлем банкі» «Казкоммерцбанк» АҚ-та корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімдерді басқарған.

Пирматов мырзаның корпоративтік банкинг, өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар секторы, тәуекелдікті басқару және қаржылық жобалау салаларында тәжірибесі мол.

Басқарма құрамына Асқар Хамидуллин – Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары (CFO) қосылды.Асқар Хамидуллиннің банк саласында 14 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын “HSBC Bank Kazakhstan” АҚ ЕБ Қаржы бақылау департаментінде бастаған. Хамидуллин мырза “ABN AMRO Bank Kazakhstan” АҚ ЕАБ-та, “RBS (Kazakhstan)” АҚ ЕБ-та, “Citibank Kazakhstan” АҚ-та қызмет атқарған.

 

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады